+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін өткізу ЕРЕЖЕСІ
26 Ақп, 14:52

1. Жалпы ережелер

1.1. «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) мақсаттарын, міндеттерін, форматын, өткізу, қаржыландыру және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.   

1.2. Фестиваль-байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

1.3. Фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.

1.4. Фестиваль-байқаудың міндеттері:

1) білім алушыларды хореографиялық өнерге, тарихи мұраға тарту, оларды белсенді шығармашылық қызметке тарту, оларды әлеуметтендіру;

2) би мәдени дәстүрлерін қалпына келтіру, би мәдениетінің тарихын зерттеу;

3) балалардың бойында ұлттық мәдениетке, халық дәстүрлеріне патриотизм, құрмет және ұқыпты қарау сезімдерін тәрбиелеу.

2. Фестиваль-байқаудың ұйымдастыру комитеті

2.1. Фестиваль-байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

- Фестиваль-байқаудың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

- тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Фестиваль-байқауды қатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;

- Фестиваль-байқаудың қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

- Фестиваль-байқаудың жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;

- талдайды және қорытындылайды.

2.3. Қазылар алқасы Фестиваль-байқаудың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

3. Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі

3.1.Фестиваль-байқаудың облыстық кезеңі 2026 жылғы 18 наурызда қашықтық форматта өткізіледі.

3.2. Қалалық, аудандық білім бөлімдері басшыларының қолы қойған Фестиваль-байқауға қатысу туралы өтінімдер (1-қосымша) 2026 жылдың 10 наурызына дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

3.3. Қатысушылар мен топ жетекшісі туралы берілген мәліметтердің дұрыстығы және нақтылығына жіберуші тарап жауапты.

4. Фестиваль-байқауға қатысушылар және талаптар

4.1. Облыстық Фестиваль-байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының аудандық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатыса алады. Қатысушылардың жасы: 12-17 жас. Хореографиялық топтағы қатысушылардың жалпы саны – 8 оқушы.

4.2. Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) халық биі және халықтық стильдегі би:

а) әлем халықтарының билері;

б) қазақ биі;

2) заманауи би:

а) эстрадалық би;

б) аралас би.

4.3. Фестиваль-байқауға қатысу үшін би ұжымдары http://www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтеме жібереді. Би ұжымдары 2 байқау нөмірін – әр номинациядан бір байқау нөмірінен ұсынады (ұзақтығы 5 минутқа дейін).

Сапалы бейнематериал үзіліссіз тұтас бір роликпен жіберіледі. Бұрын жоғары сапада жазылған дайын бейнені үзіліссіз бір клипте пайдалануға болады. Әр түрлі қойылымдардың «кесінділері» қарастырылмайды.

Байқауға арналған бейнеролик сапалы фонограммамен жазыла отырып, кез келген сахналық алаңдарда (сахна, табиғат, концерттік алаң және т.б.) түсірілуі тиіс.

Бағалау критерийлері:

- стильдердің үйлесімді ұштасуы, өзіндік ерекшелігі мен әртүрлілігі;

- композициялық шешім;

- би қойылымы – идея (басымды);

- техника және орындау деңгейі (басымды) ;

- жоғары сапалы орындауы;

- көркемдік және сюжеттік мәні;

- сахналық көрініс (костюм).

5. Фестиваль-байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

5.1. Фестиваль-байқаудың жеңімпаздары Гран-при, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

5.2. Фестиваль-байқау қорытындысы ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының https://shygysdaryn.kz/ сайтында жарияланады.

5.3. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары республикалық «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауына қатысады.

Анықтама телефоны: 8(7232) 75-26-91.

6. Фестиваль-байқауды қаржыландыру

6.1. Фестиваль-байқауы қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.