Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылғы 18 наурызда қашықтық форматта «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін өткізетінін хабарлайды.
Фестиваль-байқауға 12-17 жас аралығындағы жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатыса алады.
Қалалық, аудандық білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған фестиваль-байқауға қатысу туралы өтінімдер konkurs.vko@mail.ru электрондық мекенжайына 2026 жылдың 10 наурызына дейін қабылданады.