+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңін қашықтықтан өткізу ережесі
26 Ақп, 13:50
  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық қашықтық кезеңінің (бұдан әрі – Фестиваль) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды анықтайды.

1.2. Фестивальдің ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

1.3. Фестивальдің мақсаты: балалар кинематографиясын қолдау және насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, олардың өзін-өзі көрсетуіне қолайлы жағдай жасау, кинематография арқылы білім алушылардың бойына моральдық-адамгершілік, эстетикалық және этикалық құндылықтарды қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің рухани, зияткерлік және шығармашылық дамуына ықпал ету, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау, балаларды қосымша біліммен қамту.

1.4. Фестивальдің міндеттері:

- балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;

- балалар мен жасөспірімдердің киноға деген қызығушылығын ояту;

- адамгершілік, рухани және отбасылық құндылықтарды насихаттау;

- актёрлік шеберлікке, сценарий жазуға және режиссураға қызығушылық танытатын дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ кино өнері саласындағы саналы кәсіби бағдарға тұрақты қызығушылық қалыптастыру.

2. Фестивальдің ұйымдастыру комитеті

2.1. Фестивальді ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

- Фестивальдің жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

- тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Фестивальгеқатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;

- Фестивальдіңқазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

 - Фестивальдің жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;

- талдайды және қорытындылайды.

2.3. Қазылар алқасы Фестивальдің жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

3. Фестиваль өткізу мерзімі мен тәртібі

3.1. Фестивальдің облыстық кезеңі қашықтықтан 2026 жылғы 9 сәуірде өткізіледі.

3.2. Фестивальге қатысу үшін http://www.youtube.com каналына МР-4  форматты бейнематериалдарды орналастыру және  сілтеме арқылы сұраныс тапсырыру қажет (бейне сапалы, тоқтаусыз бір роликпен жазылуы керек. Әр түрлі бейнежазбадан «кесінділерге» қабылданбайды).

3.3. Фестивальге бір автор бір фильмнен артық ұсына алмайды.

3.4. Өтінімдер мен байқау жұмыстары (1-қосымша) қалалардың (аудандардың) білім беру бөлімдерінің басшылары қол қойған 2026 жылдың 2 сәуіріне дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына жіберіледі.

3.5. Өтінімге қоса тіркеледі:

- қатысушылар туралы мәліметтер (қатысушының Т.А.Ж,  туған жылы, толық жылы, сыныбы, білім беру ұйымы (толық атауы), жоба жетекшісінің Т.А.Ж., жетекшесінің телефон нөмері, жұмысының атауы);

- www.youtube.com каналында MP-4 форматында орналастырылған бейнежазбаға сілтемелер.

4. Фестивальге қатысушылар

4.1. Облыстық Фестивальге жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 11-17 жас аралығындағы аудандық/қалалық турдың жеңімпаздары қатыса алады.

5.Фестивальді өткізу тәртібі және шарты

5.1. Фестивальге кез-келген жанрдағы жұмыстар және шығармашылық шешімдер: дәстүрлі немесе сандық технологиялардың көмегімен – видеокамера, фотокамера және ұялы телефонмен түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер кейіннен өңдеумен (бейнені құрастыру) қабылданады.

5.2. Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) Ойынды кино операторлық және режиссерлік, актерлік ойындар өнері көмегімен түсірілген сюжетті (ойдан  шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма;

2) Деректі кино–  нақты оқиғалар немесе құбылыстарды баяндайтын фильмдер;

3) Анимация – балалар әзірлеген мультфильмдер;

4) Үздік бейнеклип, бейнеролик авторлық көркем тұжырымдаманы қамтитын және оны білдіру үшін бейне техникасы мен компьютерлік өңдеудің соңғы құралдарын қолданатын бейне;

5) Телевизиялық сюжет отбасы тарихы, туған өлке, мектеп және басқа да қызықты оқиғалар туралы қысқаша ақпаратты қамтитын кинохроника;

6) Балаларға арналған ең үздік телебағдарлама – балалардың өмірін бейнелейтін жеке эпизодтар, көріністері бар қысқа метражды фильм;

7) Үздік ғылыми-танымал фильм – ғылыми-зерттеу, ғылыми-көпшілік, оқу киносы.

5.3. Жазбалар келесі критерийлер бойынша бағаланады:

1) тақырыпты ашу тереңдігі, өзектілігі, эмоциялық әсері (басымды);

2) режиссерлік және операторлық өнері (түсірілімнің күрделілігі, техникалық сапасы, бейнесуреттің анықтығы және дыбыстың сапасы, монтаждау өнері), (басымды);

3) музыкалық сүйемелдеу.

5.4. Жазбалардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- өмір, жұмыс, балалардың қызығушылықтары, олардың армандары;

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- мейірімділік және қайырымдылық таныту;

- әлеуметтік құзыреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу;

- ұрпақтар диалогі;

- қоршаған орта экологиясы және оны қорғау;

- отансүйгіштік қасиеттерді таныту және өз тілін үйренуге қызығушылық.

5.5. Конкурстық жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын техникалық талаптар.

Видеосының форматы: mp4 (16.9 көлденең түсірелген видео). Жұмыста видеофильмдерден алынған видео, фото, интервью, блиц-сұрақтар, көркем суреттер мен титрлар, фрагменттер, музыка, кадр сыртындағы дыбыстар, видеофильмдерден алынған фрагменттерді қолданылады. Жұмыстың қысқаша сипаттамасында немесе титрде фильмде қолданылған материалдардың авторлары көрсетілуі тиіс.

Фестивальға ұсынылған фильмнің дыбысталуынан немесе бейнеленуінен ақауы бар материалдар байқауға жіберілмейді.

Фильм бөтен авторлық құқықты бұзбауы керек. Фильмде нәсілдік, ұлтаралық, діни ымырасыздық элементтері, азаматтардың құқықтары мен қадір-қасиетін зорлық-зомбылыққа және бұзуға шақырулар болмауы, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

5.6. Фестивальдің ұйымдастырушылары байқауға қатысқан жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында авторды көрсете отырып жариялауға құқылы.

6. Фестивальді қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

6.1. Фестивальдың жеңімпаздары Гран-при, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Фестиваль қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі, жеңімпаздары баспа форматында дипломдармен марапатталады.

6.2. Фестивальдің қорытындысы https://www.shygysdaryn.kz/ сайтында орналастырылады.

Анықтама телефоны: 8 (72732) 75-26-91.

7. Фестиваль-байқауды қаржыландыру

7.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.