+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңін өткізу туралы
26 Ақп, 11:02

1. Жалпы ережелер

1.1. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңін өткізу ережелері (бұдан әрі – Форум) оның мақсатын, міндеттерін, қаржыландыруын, ұйымдастыру форматын, өткізу тәртібін, қатысушылар мен жеңімпаздарын анықтайды.

1.2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы) Форумның ұйымдастырушылары болып табылады.

1.3. Форум қашықтық форматта өткізіледі.

1.4. Форумның мақсаты – білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қарым-қатынасты тәрбиелеу.

1.5. Форумның міндеттері:

- қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешуде олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету, білім алушыларды практикалық қатысуға тарту үшін жағдай жасау;

- білім алушылардың табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтау бойынша қызметіне қызығушылықтарын қолдау;

- білім алушылар мен педагог қызметкерлер арасында шығармашылық байланысты орнату және жұмыс тәжірибесімен алмасу;

- еліміздің жас тұрғындарында экологиялық мәдениетті және адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелер тарапынан белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;

- балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.

1.6. Форумды ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.

2. Форумды өткізу мерзімі

2.1. Бұқаралық іс-шараларға қатысу арқылы балалардың қосымша біліммен қамтуын арттыру үшін Форум үш кезеңде өткізіледі:

Бірінші кезең (іріктеу) – мектепішілік (2026 жылдың наурызы);

Екінші кезең (іріктеу) – аудандық/қалалық (2026 жылдың 10 сәуіріне дейін);

Үшінші кезең – облыстық (2026 жылғы 20 сәуір, қашықтықтан).

2.2. Форумның іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдері аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, мамандандырылған білім беру ұйымдары директорларының бұйрықтарымен анықталады.

2.3. Қалалық, аудандық білім бөлімдері басшыларының және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған Форумға қатысу туралы өтінім 2026 жылдың 13 сәуіріне дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

2.4. Әр ізденуші бір ғана өтінім жібере алады. Екі не оданда көп өтінімге және бірнеше авторлыққа жол берілмейді.

2.5. Форумға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды. Форум ұйымдастырушылары қатысушылардың жұмыстарын авторын көрсету арқылы БАҚ-та жариялауға құқылы.

3. Форум қатысушылары

3.1. Форумға аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінен өткен жалпы орта білім беретін мектептер мен  қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысады.

Қатысушылардың жасы: 12-17 жастағы оқушылар.

3.2. Топтың құрамы әр аудан/қаладан және дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім мекемелерінен 9 қатысушы болуы қажет.

4. Форумды өткізу шарты мен тәртібі

4.1. Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. «Жасыл идея» номинациясы– зерттеу жобаларының байқауы:

а) табиғи ресурстарды үнемдеуге, қалдықтарды азайтуға, экологиялық ластану деңгейін төмендетуге және табиғи экожүйелерді қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қоршаған ортаны қорғауға бағытталған технологиялар (1 қатысушы);

б) болашаққа көзқарас – экологиялық білім беру жобалары, жасыл клуб, жасыл мектеп, волонтерлік жобалар және қоғамдық ұйымдардың іс-шаралары (1 қатысушы);

в) инновациялық экологиялық бизнес-идеялар - тұрақты бизнесті дамыту, экологиялық таза технологиялар мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамалар (1 қатысушы).

Номинация бойынша жобаның презентациясына сілтеме www.youtube.com арнасына орналастырылады. Жобаның презентациясы – 15 беттен аспауы тиіс.

Бағалау өлшемдері:

зерттелетін мәселенің өзектілігі мен жаңалығы (басымды);

жүргізілген зерттеулердің дәрежесі мен көлемі;

қойылған міндеттерді орындау нәтижелілігі (басымды);

жұмыстың практикалық маңыздылығы мен тиімділігі;

автордың қосқан жеке үлесі.

2. «Жасыл сахна» номинациясы – оқушылардың қатысуымен өзекті экологиялық мәселелерді креативті әрі тартымды театрландырылған формада бейнелеуге арналған бейнероликтер байқауы (қойылымда 8 персонаждан артық болуына жол берілмейді). Театрландырылған қойылымға тек 4 қатысушы қатысады. Қатысушылар сценарийді, кейіпкерлердің бейнелерін, костюмдерін және сахналық безендіру элементтерін өз бетінше әзірлейді (реквизиттер мен декорациялар). Дайын театрлық костюмдерді қолдануға тыйым салынады. Бейнероликтің ұзақтығы – 10 минуттан аспауы тиіс.

Аталған номинация бойынша www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтеме жіберіледі.

Бағалау өлшемдері:

номинация тақырыбына сәйкестігі;

актерлік шеберлік, мәнерлілік және сахналық сөйлеу (басымды);

репертуардың күрделілігі мен жаңашылдығы, сценарийдің бірегейлігі (басымдысы);

костюмдер, кейіпкерлердің бейнелері (басымды);

декорациялар мен сахналық кеңістіктің эстетикасы;

бейнероликтің техникалық және музыкалық сүйемелдеуі.

3. «Экоблогер» әлеуметтік бейнеролик номинациясы– экология тақырыбында әлеуметтік желілерге арналған ағартушылық және қоғамдық пікір қалыптастырушы бейнематериалдарды анықтау, қолдау және жасанды интеллект технологияларын саналы қолдануды насихаттау (1 қатысушы). Бейне автордың жеке идеясына негізделуі және экологиялық проблемаларды, табиғатты қорғау мәдениетін ашуы тиіс. Видео әлеуметтік желілерге бейімделген форматта ұсынылады (горизонталды). Ұзақтығы – 5 минут.

Дайын роликтерді қайта жүктеу немесе басқа авторлардың контентін пайдалану рұқсат етілмейді. Дыбыс, монтаж, визуал сапасы талапқа сай және анық болуы керек. ЖИ тек көмекші құрал ретінде қолданылуы мүмкін: скрипт генерациялау, визуалды элементтерді жетілдіру, монтажды жеңілдету, инфографика жасау. Бүкіл бейнероликті толық ЖИ құрастырған жұмыстар қабылданбайды.

Байқауға www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтеме жіберіледі.

Бағалау өлшемдері:

стилистикалық шешім;

практикалық қолданылымы (басымды);

креативтілігі (басымды);

әлеуметтік маңыздылығы;

бейнематериал сапасы (басымды).

4.«EcoCraft – экологиялық қолөнер» номинациясы – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарды креативті пайдалану дағдыларын дамыту және қайта өңдеуге болатын материалдардан бұйым жасау арқылы экологиялық жауапкершілікті арттыру (1 қатысушы).

Жұмыс қайта өңдеуге болатын материалдардан, тұрмыстық қалдықтардан, қаптамалардан, қолданудан шыққан заттардан жасалуы тиіс. Әр қатысушының жұмысы толықтай өз қолымен орындалуы қажет. Дайын фабрикалық өнімдерді немесе жартылай дайын бұйымдарды қолдануға рұқсат етілмейді.

Жұмысқа жапсырма (этикетка) (6х6 см) қоса тіркеледі, онда жұмыстың аталуы, қатысушының Т.А., жасы, білім беру ұйымы, қала, аудан, облысы, жетекшінің Т.А. көрсетіледі.

Бағалау өлшемдері:

тақырыпқа сәйкестігі;

түпнұсқалық (басымды);

практикалық (басымды);

жобаның эстетикалық көрінісі;

ұқыптылығы;

құрылымдық беріктігі;

өсімдік материалының өміршеңдігі (бар болса);

жобаны орындау сапасы.

Аталған номинация бойынша www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға және фотосуреттерге сілтеме жіберіледі.

4.2. Әр номинацияға қатысу міндетті.

5. Форумның қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

5.1. Кәсіби қазылар алқасы байқау жұмыстарын 10 ұпайлық жүйе бойынша Форумның бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.

5.2. Форумның қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Жеңімпаз дипломында оқушыны Форумға дайындаған жетекшінің немесе мұғалімнің аты, тегі көрсетіледі.Барлық қатысушыларға Форумға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.

5.3. Номинациялар бойынша барынша жоғарғы ұпай жинаған қатысушылар 2026 жылдың мамыр айында өтетін «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің қашықтықтан өтетін Республикалық форумына жолдама алады.

Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-26-91.

6. Форумды қаржыландыру

6.1.7Форумды қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес   ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.