Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 20 сәуірде қашықтық форматта «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңін өткізетіндігін хабарлайды.
Қалалық, аудандық білім бөлімдері басшыларының және дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары директорларының қолы қойылған форумға қатысу туралы өтінім 2026 жылдың 13 сәуіріне дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына қабылданады.