2026 жылғы 25 ақпанда Жас техниктер станциясының базасында робототехникадан «Robotek Grand Tournament» халықаралық чемпионатының облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Чемпионаттың мақсаты - робототехника, инженерия және бағдарламалау салаларында дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау, спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету.
«Robotek Дарын» лигасына 9-17 жас аралығындағы 57 оқушы 4 санат бойынша қатысты:
1. Роботек;
2. Инверстік сызық бойымен жарыс;
3. Мерген;
4. Сұрыптаушы робот.
Жарысқа қатысушы командалар қойылған міндеттерді орындай алатын автономды робот дайындады.
Жарысты бақылау мен қорытындылауды бекітілген Регламентке сәйкес Бас судья бастаған төрешілер алқасы жүзеге асырды.
Чемпионаттың облыстық кезеңін өткізу қорытындысы бойынша «Роботек» санатында жеңімпаздар атанды:
I орын - Баянов Нұрислам, Жанболат Нұрсұлтан, Тарбағатай ауданы, А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің оқушылары;
II орын - Аймұхамет Сұлтан, Уазырханов Арсен, Ұлан ауданы, Р.Мәрсеков атындағы орта мектебінің оқушылары.
III орын - Армия Дамир, Қабиденов Ерасыл, Өскемен қ., облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің оқушылары.
«Инверстік сызық бойымен жарыс» санаты бойынша:
I орын - Сарғазин Жантемір, Руфатқызы Айзере, Өскемен қ., облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің оқушылары;
II орын - Талғатов Мирас, Тарбағатай ауданы, А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің оқушысы;
III орын - Жеңісханов Мадияр, Өскемен қ., облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы.
«Мерген» санаты бойынша:
I орын - Токтамысов Мерей, Қаратаев Ерасыл, Ұлан ауданы, Р.Мәрсеков атындағы орта мектебінің оқушылары;
II орын - Амантай Жандос, Қайратұлы Жалғас, Тарбағатай ауданы, А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің оқушылары;
III орын - Серік Муса, Саргазин Хантемір, Өскемен қ., облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің оқушылары.
«Сұрыптаушы робот» санаты бойынша:
I орын - Ермекұлы Айбын, Мұқамекқазы Әділжан, Тарбағатай ауданы, А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің оқушылары;
II орын - Жаңбырбаев Алинұр, Хамитов Сұлтан, Өскемен қ., № 40 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары;
III орын - Төлеухан Мәди, Мәдиев Әлішер, Өскемен қ., облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары.
Чемпионат жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Марапатқа ие болған жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!