+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
9-11 сынып оқушыларына арналған қаржы және экономикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
26 Ақп, 09:51

2026 жылдың 11 ақпанында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен экономика және қаржы негіздерін ғылым ретінде зерттеуге қызығушылық танытатын неғұрлым қабілетті оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту, сонымен қатар, экономикадан халықаралық олимпиадасына (IEO) қатысу үшін Қазақстан құрама командасын қалыптастыру мақсатында 9-11 сынып оқушыларына арналған қаржы және экономикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары болған облысымыздың мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 10 қатысушы жүлдегер атанды (I орын - 3, II орын -3, III орын - 4 оқушы).

Олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарына дипломдар, қатысушыларына сертификаттар табысталады.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!