+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды жобасының республикалық кезеңінің қорытындысы
26 Ақп, 09:47

«Хабар» телеарнасының ұйымдастыруыме Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылдың 16-23 ақпан күндері Алматы қаласында «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясында» «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды жобасының республикалық кезеңін өткізді.

Жобаның мақсаты - оқушылардың оқу әрекетін ынталандыру, жоғары интеллектуалдық қабілеті бар, дайындығы жақсы әрі дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау көрсету, Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

Шығыс Қазақстан облысынан облыстық кезеңінен өткен 5 жеңімпазы жолдама ұтып алды.

Бірінші кезеңде әр қатысушы өздерінің ойлау-дамыту деңгейін, қойылған сұрақтарға жылдам жауап беріп, сахнада өзін ұстай білу мәдениеті мен қабілетін көрсетті. Қорытынды бойынша жоғары ұпай жинап, жартылай финалға:

  • Риддер қаласы, №16 орта мектебінің оқушысы Бердибеков Мерей;
  • Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының оқушысы Бекмұқан Ақнұр өтті.

Екі оқушымыз жартылай финалға қатысып, көшбасшылық қасиетін көрсеткені үшін арнайы сертификат пен «Жеңімпаз» атауы жазылған статуэткамен марапатталды.

Сонымен қатар, барлық жеңімпаздарға жобаға қатысып, білімін көрсеткенін растайтын сертификаттар табысталды.

Жоба  қатысушыларын, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!