+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
ХХІ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылар арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсына қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қорытындысы
26 Ақп, 09:32

2026 жылғы 20-23 ақпаны аралығында Ақмола облысы Шучье қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ХХІ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылар арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсын қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша өткізді.

Іс-шараның мақсаты - балаларда зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын дамыту мен кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Байқауда еліміздің барлық өңірлерінен екі жас санатындағы (2-4 және 5-7 сыныптар) 300-ден аса оқушы бақ сынады.

Шығыс Қазақстан облысының командасын облыстық кезеңде жеңімпаз атанған жас зерттеушілер қорғады.

Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша ШҚО командасы 7 жүлделі орынға ие болды.

І дәрежелі дипломмен:

Айтжанова Адема - Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 3 сынып оқушысы (тарих, өлкетану);

Буньков Егор - Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы (технология және өнер) марапатталды.

II дәрежелі дипломмен Күршім ауданы, Қаратоғай орта мектебінің 7 сынып оқушысы Қасымова Алмагүл (қазақ тілі мен әдебиеті) марапатталды.

III дәрежелі дипломмен:

Манарбек Ажар - Глубокое ауданы, Опытное поле орта мектебінің 4 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);

Жетпісов Нұрәлі - Тарбағатай ауданы, Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы (ағылшын тілі);

Тілеуберген Алихан - Тарбағатай ауданы, Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы (ағылшын тілі);

Ануарбеков Алихан - Ұлан ауданы,  А.С. Пушкин атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы (этномәдениеттану) марапатталды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен:

Ескар Айзере - Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 2 сынып оқушысы (этномәдениеттану);

Азатова Адия - Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 2 сынып оқушысы (этномәдениеттану);

Беседина Виктория - Алтай ауданы, Алтай қаласының № 1 бастауыш мектебі 4 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті) марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ата-аналарын, жоба жетекшілерін құттықтаймыз!