2026 жылғы 17-20 ақпан күндері Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары (қыздар, ұлдар) арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты – білім алушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау.
Іс-шараға қалалық/аудандық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары, облыстық мектептерден, 25 команда қатысып, 237 оқушы қамтылды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
Қыздар арасында:
1 орын – Катонқарағай ауданы, «С. Ластаев атындағы орта мектебі» КММ-нің командасы;
2 орын – Марқакөл ауданы, «Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі» КММ-нің командасы;
3 орын – Тарбағатай ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ-нің командасы.
Номинациялар бойынша:
«Үздік ойыншы» - Катонқарағай ауданы, «С. Ластаев атындағы орта мектебі» КММ-нің 9 сынып оқушысы Қуатқызы Мақпал;
«Үздік шабуылшы» - Марқакөл ауданы, «Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі» КММ-нің 10 сынып оқушысы Ташенова Сабина;
«Үздік қорғаушы» - Тарбағатай ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ-нің 9 сынып оқушысы Дауренқызы Сабина;
«Үздік тосқауылшы» - Катонқарағай ауданы, «С. Ластаев атындағы орта мектебі» КММ-нің 9 сынып оқушысы Қадылбек Дильназ марапатталды.
Ұлдар арасында:
1 орын – Марқакөл ауданы, «Қалжыр орта мектебі» КММ-нің командасы;
2 орын – Өскемен қаласы, «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің командасы;
3 орын – Тарбағатай ауданы, «Жетіарал мектеп-балабақшасы» кешені» КММ-нің командасы.
Номинациялар бойынша:
«Үздік ойыншы» - Марқакөл ауданы, «Қалжыр орта мектебі» КММ-нің 11 сынып оқушысы Асылқан Арнұр;
«Үздік шабуылшы» - Өскемен қаласы, «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 11 сынып оқушысы Мусин Ислам;
«Үздік қорғаушы» - Марқакөл ауданы, «Қалжыр орта мектебі» КММ-нің 11 сынып оқушысы Елеусізұлы Қуаныш;
«Үздік тосқауылшы» - Тарбағатай ауданы, «Жетіарал мектеп-балабақшасы» кешені» КММ-нің 10 сынып оқушысы Исламханов Сұлтан марапатталды.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!