+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
ШҚО оқушыларының республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысу қорытындысы
26 Ақп, 09:17

2026 жылғы 17-20 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Қарағанды қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қорытынды кезеңіне қатысты.

Конкурста еліміздің барлық өңірлерінен 350-ден астам оқушы 6 секция бойынша бақ сынады.

Конкурстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен және алтын медальмен Зайсан ауданы, Қаратал орта мектебінің 11 сынып оқушысыБақытқанқызы Назерке (әдебиет (қазақ) марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Риддер қаласы, №1 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Первутинская Анастасия (әдебиет (орыс) марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен:

- Ербол Ернар – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 11 сынып оқушысы (тарих);

- Марат Ахмед – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 11 сынып оқушысы (тарих);

- Құмарғазы Ерасыл – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы (тіл білімі (ағылшын тілі);

- Бейсенбек Ілияс – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы (тіл білімі (ағылшын тілі);

- Қайрат Елжан – дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 10 сынып оқушысы (тіл білімі (қазақ тілі) марапатталды.

Республикалық ғылыми жобалар конкурсында ерекше жетістігі үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасына:

- Қайырбек Ернұр – Зайсан ауданы, Шілікты орта мектебінің 11 сынып оқушысы (тіл білімі (орыс тілі);

- Әмірова Нұрай – дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы (тіл білімі (ағылшын тілі) марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!