Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 18 ақпан күні Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқауға балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары қатысты.
Байқау 2 номинация бойынша өткізілді:
1. Жеке орындаушы (солист);
2. Музыкалық ұжымдардың өнер көрсетуі.
Байқау қорытындысы бойынша 10 қатысушы жүлдегер атанды: І орын – 4, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 2.
1.Риддер қаласы «Балалар музыка мектебінің» білім алушысы - Бакурова Екатерина І орын.
2. Риддер қаласы «Балалар музыка мектебінің» білім алушысы – Шумская Яна І орын.
3.Өскемен қаласы «№1 Балалар музыка мектебінің» білім алушысы – Таирбергенов Глеб І орын.
4. Өскемен қаласы «№1 Балалар музыка мектебінің» білім алушысы – Островская Виктория І орын.
5. Өскемен қаласы «№1 Балалар музыка мектебінің» білім алушысы – Немтинова Варвара ІІ орын.
6. Риддер қаласы «Балалар музыка мектебінің» білім алушысы – Полтавцева Ольга ІІ орын.
7. Алтай ауданы «Алтай қаласының Александр Затаевич атындағы балалар музыка мектебінің» білім алушысы – Крафт Варвара ІІ орын.
8. Риддер қаласы «Балалар музыка мектебінің» білім алушысы – Кошкарёв Егор ІІІ орын.
9. Глубокое ауданы «Алтай кентінің балалар музыка мектебінің» білім алушысы – Смольникова Дарья ІІІ орын.
10. Үлкен Нарын ауданы «Балалар музыка мектебінің» - Хор ұжымы ІІ орын.
Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.
Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!