+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
«Қалқан» облыстық қысқы спартакиадасының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
26 Ақп, 08:55

ШҚО бойынша «Жас Сарбаз балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес, ШҚО білім басқармасымен, ШҚО қорғаныс істері Департаментімен бірлесіп, 2026 жылғы 11-13 ақпан аралығында Алтай ауданы, «Алтай қаласының С. Нұрмағамбетов атындағы орта мектебі» КММ базасында «Жас Сарбаз республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының» тәрбиеленушілері арасында «Қалқан» облыстық қысқы спартакиадасы өтті.

Спартакиаданың мақсаты – «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілерінің жан-жақты дамуын жетілдіру, әскери қызметке даярлау үшін олардың дене дайындығы мен моральдық-психологиялық қасиеттерін арттыру.

Спартакиада келесі номинациялар бойынша өтті:

  • пневматикалық винтовкадан ату;
  • жасөспірімдер үшін турникке тартылу;
  • қыздар үшін арқамен жатып денесін көтеру;
  • 3000 метр шаңғы жарысы.

Спартакиадаға «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілерінің 6 командасы қатысты.

Спартакиада қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

I орын – «Жас шекаршы» құрама командасы, Күршім ауданы;

II орын – Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының С. Нұрмағамбетов атындағы орта мектебі» КММ;

III орын – Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ. Дамитов атындағы орта мектебі» КММ.

Жеңімпаздар дипломдармен, кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Командаларға қатысқандары үшін сертификаттар табыс етілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!