+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
«Зияткер» ғылыми мектебінің қорытындысы
26 Ақп, 08:47

Республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысушыларға кеңес беру мақсатында дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Зияткер» ғылыми мектебін өткізді.

Республикалық кезеңінің қатысушыларының ғылыми жобалары облыстың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушыларымен тыңдалды. Әр қатысушыға зерттеу жұмыстарын қорғауға дайындық бойынша жеке кеңес берілді.

Оқушыларымызға конкурстың республикалық кезеңінде сәттілік пен жоғары жетістіктер тілейміз!