+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
ХХІ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылар арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсына жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қорытындысы
25 Ақп, 16:50

2026 жылғы 28-31 қаңтары аралығында Ақмола облысы Шучье қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ХХІ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылар арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсын жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша өткізді.

Іс-шараның мақсаты - балаларда зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын дамыту мен кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Байқауда еліміздің барлық өңірлерінен екі жас санатындағы (2-4 және 5-7 сыныптар) 300-ден аса оқушы бақ сынады.

Шығыс Қазақстан облысының командасын облыстық кезеңде жеңімпаз атанған жас зерттеушілер қорғады.

Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша ШҚО командасы 8 жүлделі орынға ие болды.

І дәрежелі дипломмен:

Ержанов Адият - Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 3 сынып оқушысы (химия, биология);

Буторина Николь - Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 3 сынып оқушысы (информатика, робототехника, STEM инженерия) марапатталды.

II дәрежелі дипломмен:

Манап Диас – Зайсан ауданы, М.В. Ломоносов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы (химия, биология);

Ильяс Дильназ - Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы (математика, қолданбалы математика) марапатталды.

III дәрежелі дипломмен:

Бақытхан Мейірбек – Зайсан ауданы, М.В. Ломоносов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы (физика, космос);

Серикпаев Карим - Алтай ауданы, Средигорное орта мектебінің 7 сынып оқушысы (туризм және спорт);

Курманбеков Алим – Алтай ауданы, Средигорное орта мектебінің 7 сынып оқушысы (туризм және спорт);

Доғдырбек Аңсар - Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 7 сынып оқушысы (математика, қолданбалы математика) марапатталды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен:

Азамат Алинур – Өскемен қаласы, №50 жалпы білім беретін мектебінің 4 сынып оқушысы (туризм және спорт);

Қабдылманап Рамина - Өскемен қаласы, №50 жалпы білім беретін мектебінің 4 сынып оқушысы (туризм және спорт) марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ата-аналарын, жоба жетекшілерін құттықтаймыз!