+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Авиа модельдеу және дронрейсинг бойынша «AITU KazRoboDrone 3.0» халықаралық конкурсының облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы
25 Ақп, 16:42

2026 жылғы 24–25 қаңтар күндері Өскемен қаласында Жас техниктер станциясының базасында Авиа модельдеу және дронрейсинг бойынша «AITU KazRoboDrone 3.0» халықаралық конкурсының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Конкурстң мақсаты - Қазақстанда ұшқызсыз ұшу аппараттары саласын дамыту жəне танымал ету, сондай-ақ жас мамандардың кəсіби өсуіне жағдай жасау.

Облыстық кезеңге облыстың жалпы орта және облыстық білім беру мекемелерінен 65 оқушы қатысты.

Жарыстар келесі бағыттар бойынша өткізілді:

● симуляторда дронрейсинг жарысы;

● FPV микродрондарда дронрейсинг жарысы;

● авиа модельдеу (F1N еркін ұшатын планер).

Байқау қорытындысы бойынша симуляторда дронрейсинг жарысы санатында 10-15 жас аралығындағы юниорлар арасында жүлделі орындарды келесі қатысушылар иеленді:

1 орын – Макаров Кирилл, Алтай қаласының №7 орта мектебінің 8 сынып оқушысы;

2 орын – Пашкина Екатерина, Алтай қаласының №7 орта мектебінің 10 сынып оқушысы;

3 орын – Пестряков Кирилл, Өскемен қаласы, Жас техниктер станциясының білім алушысы.

Senior тобы бойынша:

1 орын – Антонова Ангелина, Алтай қаласының №7 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

2 орын – Бимагамбетов Темуджин, Өскемен қаласы, «Нұрорда» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

3 орын – Талғат Ерасыл, Өскемен қаласы, №47 жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы.

FPV микродрондарда дронрейсинг жарысы санатында 10–15 жас аралығындағы Junior тобының оқушылары арасында жүлделі орындарға ие болғандар:

1 орын – Горизов Даниил, Өскемен қаласы, Жас техниктер станциясының білім алушысы;

2 орын – Осипов Владимир, Алтай ауданы, Серебрянск қаласының №2 негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы;

3 орын – Пестряков Кирилл, Өскемен қаласы, Жас техниктер станциясының білім алушысы.

7–12 жас аралығындағы оқушылар арасында авиа модельдеу (F1N еркін ұшатын планер) санатында жүлдегерлер атанды:

1 орын – Мезенцев Александр, Өскемен қаласы, Жас техниктер станциясының білім алушысы;

2 орын – Ерік Камилла, Өскемен қаласы, Жас техниктер станциясының білім алушысы;

3 орын – Чегеев Хасан, Өскемен қаласы, Жас техниктер станциясының білім алушысы.

Марапатқа ие болған жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!