+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Шығыс шамшырақтары» атты XVII облыстық айтыстың өткізілуі туралы
18 Ақп, 07:54

 

Оқушыларды ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу, олардың шығармашылығын дамытып, поэзияға деген құштарлығын арттыру, дарынды оқушыларды қолдау, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы, Семей қалалық мәдениет Сарайының «Халықтық» ақындар орталығымен (келісім бойынша) бірлесіп 2013 жылы 25 сәуірде Семей қаласында облысымыздың жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Шығыс шамшырақтары» атты   XVII облыстық айтыс өткізетіндігін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.

Оқушылардың облыстық айтысына аудандық, қалалық жалпы білім беретін мектептердің және дарынды балаларға арналған облыстық білім мекемелерінің 9 - 11 сыныптары арасынан 1 оқушы қатысады.

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында  өтетін ақындар айтысы 3 кезең бойынша өткізіледі:

1 кезең – мектепішілік - 15 наурыз;

2 кезең - аудандық, қалалық - 01 сәуір;

3 кезең - облыстық - 25 сәуір.

Айтыстың өткізілу ережесі http://www.shygysdaryny.kz. сайтында орналастырылған.

Айтысқа қатысу туралы өтінімдерді ережеге сәйкес 2013 жылдың              12 сәуіріне дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына, 8 /7232/ 55-21-12, 701-344        теле-факсіне немесе электронды адрес VK_daryn@mail.ru жіберулеріңіз керек.