+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
XIX «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қорытындысы
01 Ақп, 15:05

2024 жылғы 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Ақмола облысы Шучье қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы XIX «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсын қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша өткізді.

Іс-шараның мақсаты - балаларда зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын дамыту мен кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Байқауда еліміздің барлық өңірлерінен екі жас санатындағы (2-4 және 5-7 сыныптар) 400-ге жуық оқушы бақ сынады.

Шығыс Қазақстан облысының командасын облыстық кезеңде жеңімпаз атанған жас зерттеушілер қорғады.

Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша ШҚО командасы 8 жүлделі орынға ие болды.

І дәрежелі дипломмен:

Жанболат Ануар - облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы (ағылшын тілі);

Мантай Нурбол - Ұлан ауданы, Герасимовка орта мектебінің 7 сынып оқушысы (технология және өнер);

Ерғалиева Инабат - Ұлан ауданы, Герасимовка орта мектебінің 7 сынып оқушысы (технология және өнер).

II дәрежелі дипломмен:

Төлеубекова Зере - Өскемен қаласы, О. Бөкей атындағы №44 лицейінің 4 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);

Аманкелді Қарақат - Самар ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің  2 сынып оқушысы (медицина, психология, экология).

III дәрежелі дипломмен:

Нәбиолла Айжұлдыз - Зайсан ауданы, Мукарама атындағы орта-мектеп балабақша кешенінің 2 сынып оқушысы (этномәдениеттану);

Серикова Далида - Күршім ауданы №4 Күршім орта мектебінің 2 сынып оқушысы (тарих, өлкетану);

Кадырғазынова Даяна - Күршім ауданы, №4 Күршім орта мектебінің 2 сынып оқушысы (тарих, өлкетану).

Ерекше жетістігі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен:

Жандосұлы Мансұр - Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 7 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті);

Тютенькова Екатерина - Алтай ауданы, №2 бастауыш мектебінің 3 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті);

Ануарбек Қазыбек - Өскемен қаласы, З. Ахметов атындағы № 16 орта мектебінің 7 сынып оқушысы (медицина, психология, экология);

Оразхан Дария - Өскемен қаласы, О. Бөкей атындағы №44 лицейінің 2 сынып оқушысы (технология және өнер) марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ата-аналарын, жоба жетекшілерін құттықтаймыз!