2024 жылғы 31 қаңтарда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында «Robotek Grand Tournament» Республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті.
Чемпионаттың мақсаты - робототехника, инженерлік ғылымдар және бағдарламалау саласындағы дарынды балаларды анықтау және қолдау, спорттық және білім беру робототехникасын дәріптеу.
Чемпионатқа 7 жас санаты бойынша іріктеу кезеңінің жеңімпаз командалары қатысты:
1. Роботек (9-12 жас);
2. Инверстік сызық бойымен жарыс (9-12 жас);
3. Жеткізуші робот (10-13 жас);
4. Мерген - кіші санат (10-13 жас);
5. Мерген - жоғары санат (14-17 жас);
6. Туды жеткізу (14-17 жас);
7. Сұрыптаушы Робот (14-17 жас).
Жарысқа қатысушы командалар қойылған міндеттерді орындай алатын автономды робот дайындады.
Жарысты бақылау мен қорытындылауды бекітілген Регламентке сәйкес Бас судья бастаған төрешілер алқасы жүзеге асырды.
Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 21 команда жүлделі орындарға ие болды:
I орын - 7 команда;
II орын - 7 команда;
III орын - 7 команда.
Марапатқа ие болған жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!




