2024 жылдың 30 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін мектептерінің 6-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ясауитану» білім байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты – түркі халықтарының рухани ұстазы болған қазақ халқының рухани бірлігін біріктірген Қожа Ахмет Ясауи бабаларымыздың даналықтары мен ілімдерін насихаттау, өскелең ұрпақтың ұлы ата мұрасын терең игеріп, зерттеуге ынталандыру, ұрпақтарының зияткерлік ой-санасын арттыру, ұлы ата-бабасының үлгісінде адамгершілік, мейірімділікке тәрбиелеу, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірімен және қызметімен танысу, тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау.
Байқауға аудандық/қалалық іріктеу кезеңінен жүлдегер болған 23 оқушысы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша 11 оқушы жүлдегер атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
2024 жылғы сәуір айында өтетін байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының намысын облыстық кезеңнің 3 жеңімпаздары қорғайды.
Барлық қатысушыларға сәттілік, жаңа табыс тілейміз!



