+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
01 Ақп, 12:22

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 30 қаңтарда Өскемен қаласындағы№1 балалар музыка мектебі базасында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Конкурстың мақсаты – мектеп оқушылары арасында Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Конкурсқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінен жалпы саны 90-ға жуық оқушы қатысты.

Әбіш оқулары 4 бағыт бойынша өткізілді:

1.   Үй тапсырмалары Ә. Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу;

2.   Ә. Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу;

3.   Шығармашылық жұмыс – Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы;

4.   Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым.

Конкурс қорытындысы бойынша 56 оқушы жүлдегер атанды:

-       Бас жүлде – 8;

-       І орын – 8;

-       ІІ орын – 16;

-       ІІІ орын – 24.

Жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!