+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Талант FEST» атты облыстық музыкалық байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ
30 Қаң, 18:00

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже «Талант FEST» облыстық музыкалық байқаудың (ары қарай – Байқау)  мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды, қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін анықтайды.

1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (ары қарай - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

1.3. Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- шығармашылыққа қызығушылық танытқан дарынды оқушыларды анықтау  және қолдау;

- білім алушылардың танымдық және әлеуметтік белсенділігін ынталандыру;

- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- оқушыларды табысқа жетуге ынталандыру;

- сабақтан тыс уақытта оқушылардың қызығушылығын арттыру және жандандыру.

2. Байқаудың ұйымдастыру комитеті

2.1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (ары қарай – Ұйымдастыру комитеті).

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

- Байқаудың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

- тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Байқауға қатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;

- Байқаудың қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

 - Байқаудың жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;

- талдайды және қорытындылайды.

2.3. Қазылар алқасы байқаудың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

2.4. Қазылар алқасы бағалауды төмендегі критерийлер негізінде жүзеге асырады:

- орындау техникасы;

- орындаудың көркемдігі мен мәнерлілігі;

- орындаудың күрделілігі мен шеберлігі;

- репертуардың өзіндік ерекшелігі;

- интонация тазалығы, дыбыс мәдениеті.

3. Байқаудың қатысушылары

3.1. Байқауға ұжымдар, солистер, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан шағын мекемелер келесі номинациялар бойынша қатысады

1) «Қазақ халық аспаптары: домбыра, қобыз, жетіген»;

2) «Орыс халық аспаптары: балалайка, домра, баян, аккордеон, қалақтар,гусли»;

3)  «Ішекті аспаптар:гитара, укулеле, мандолина»;

4) «Фортепьяно»:

5)  «Ішекті-садақ аспаптар: скрипка, альт, виолончель, контробас»;

6) «Үрмелі аспаптар»;

7)  «Соқпалы аспаптар».

3.2. Ұжымдар түрі: соло, дуэт, трио, анамбль, оркестр ж.б.;

3.3. Байқауға қатысушылар келесі жас санаттарына бөлінеді:

жас санаты - 8-12 жас;

жас санаты – 13-17 жас.

3.4. Байқауға қатысу ерікті болып табылады, оқушыларды конкурсқа қатысуға олардың қалауына қарсы тартуға тыйым салынады. Байқауға қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды.

3.5. Ұйымдастыру жарнасы бір байқау жұмыс үшін 5 000 теңге (банктердің комиссияларын есепке алмағанда).

Төлемді қосымшалар арқылы және терминалдарда: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (ШҚ ҒӘО «Дарын»), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), «Банк ЦентрКредит» АҚ («Дарын» ШҚ АҒПО) арқылы жүргізуге болады.

Түбіртекте байқаудың атын «Талант FEST» және қатысушының толық аты-жөнін көрсету керек.

3.6. Байқауға қатысушылар бірнеше номинациялар бойынша қатыса алады. Әрбір жаңа қатысушы әр жұмыс үшін жеке жарна төлейді және жаңа өтінім береді.

4. Байқауды өткізу және ұйымдастыру тәртібі

4.1. Байқау 2024 жылдың 28 наурызында Өскемен қаласында өткізіледі. Өткізілетін орны мен уақыты қосымша хабарланады.

Байқауға қатысушылар жалпы ұзақтығы 5 минуттан аспайтын музыкалық нөмір ұсынады.

4.2. Конкурсты өткізу кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:

байқауға қатысушыларды сахнаға ұйымдастыру комитетінің модераторлары 2 (екі) нөмір бұрын алдын ала  шақырады;

әр команда белгіленген уақытта шығулары керек;

байқау барысында сахнада да, залда да мәдениет сақтау қажет.

5. Конкурстық жұмыстардың талаптары

5.1. Байқауға қатысу үшін 2024 жылғы 14 наурызға дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына білім беру ұйымының басшысы қол қойған нысандағы (1-қосымша) өтінішті тапсыру қажет.

5.2. Өтінімге қатысушы төлем түбіртектері қоса беріледі.

5.3. Міндетті шарттар: ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы түбіртектің сканерленген нұсқасын жіберу керек (өтінім ұйымдастыру жарнасының түбіртегі болмаса қабылданбайды, түбіртекті өтініммен бірге жіберу керек).

6. Жеңімпаздарды марапаттау

6.1. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.

6.2. Әр номинацияда қазылар алқасы жас санатына сәйкес 1, 2, 3 орындарды анықтайды.

6.3. Барлық ұжымдар, солистер және дуэттер 1, 2, 3 орын алғандары үшін дипломдармен марапатталады.

6.3. Қазылар алқасы Гран При сыйлығын беру құқығын өзіне қалдырады.

6.4. Марапаттауға  сахнаға конкурсанттар  концерттік костюмдерде шығады.

6.5. Жеңімпаз дипломында баланы конкурсқа дайындаған жетекшінің/мұғалімнің Т.А. көрсетіледі.

Ақпарат алу үшін телефонары: 8(7232) 75-26-91, 8 708 177 42 92, 8 705 661 15 35, 8 708 52 92 166.