+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Оқушылардың 2013 жылғы экономика бойынша өткізілген облыстық олимпиаданың қорытындысы
18 Ақп, 07:38

 

ШҚО білім басқармасының 2013 жылғы жоспарына сәйкес 15 ақпанда өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде экономика бойынша 10-11 сынып оқушыларының арасында облыстық олимпиада өткізді.

Шараның мақсаты– «экономика саласында оқушыларға арналған экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін экономика негізін ғылым ретінде игеруге қызығушылық білдірген дарынды оқушыларды анықтау, оларды қолдау және дамыту.

Олимпиадаға облысымыздағы жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының оқушылары аудандық (қалалық) кезеңінің 30-дан жеңімпаздары қатысты.

Қазылар алқасының құрамында қаланың жетекші жоғарғы оқу орындарының экономика ғылымдарының кандидаттары болды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлдегерлер:

10-сыныптарда:

I орын:

- Ли Карина,Өскемен қаласының «Бриг» жеке меншік мектебінің оқушысы;

II орын:

- Жексенбек Улыкбек,Семей қаласының экономикалық лицейінің оқушысы;

III орын:

-Медведева Анна, Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы;

- Амангельдинова Сабина, Өскемен қаласының № 2 орта мектебінің оқушысы;

- Махмутова Айгерим, Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернатының оқушысы.

11-сыныптарда:

I орын:

-Кагарман Азамат, Өскемен қаласының № 43 орта мектебінің оқушысы;

ІІ место:

- Лыткин Данил, Семей қаласының экономикалық лицейінің оқушысы;

- Касымова Назерке, Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернатының оқушысы.

ІІІ место:

- Наумов Василий, Зырян қаласының мектеп-лицейінің оқушысы;

- Закиров Амир, Семей қаласының  экономикалық лицейінің оқушысы;

- Мазитова Элина,  Өскемен қаласының № 2 орта мектебінің оқушысы;

Олимпиаданың облыстық кезеңінің барлық қатысушыларынасертификаттар,

жүлдегерлерге дипломдар және сыйлықтар берілді.

Олимпиада басталмас бұрын экономикаға байланысты кітаптар, буклеттер көрмесі ұйымдастырылды, олимпиада біткеннен кейін экономика ғылымының кандидаты бизнес және іскерлік әкімшілік жүргізу кафедрасының қауымдастырылған профессоры Тоқтар Анкейұлы Болгауов «Адам капиталына инвестициялар» тақырыбында дәріс оқыды.