Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2024 жылдың 28 наурызында «Талант FEST» облыстық музыкалық байқауын Өскемен қаласында өткізеді. Байқаудың өтетін күні мен уақыты қосымша хабарланады.
Байқауға мектепке дейінгі, жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының 5-17 жас аралығындағы оқушылары қатыса алады.
Байқауға қатысуға өтінімдер 2024 жылдың 14 наурызына дейін konkurs.vko@mail.ru электрондық мекенжайына жіберу қажет.