1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды анықтайды.
1.2. Фестиваль-байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).
2. Фестиваль-байқаудың мақсаты білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.
3. Фестиваль-байқаудың міндеттері:
1) білім алушыларды хореография өнеріне, тарихи мұраға араластыру, оларды белсенді шығармашылық қызметіне тарту, әлеуметтендіру;
2) би мәдени дәстүрлерін қалпына келтіру, би мәдениетінің тарихын зерттеу;
3) балалардың бойында ұлттық мәдениетке, халық дәстүрлеріне патриотизм, құрмет және ұқыпты қарау сезімдерін тәрбиелеу;
4) шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді ақпараттық қолдау, ұжымдар арасындағы шығармашылық байланыстарды кеңейту және білім беру ұйымдары педагогтерінің тәжірибелерімен алмасу.
2. Фестиваль-байқаудың ұйымдастыру комитеті
2.1. Фестиваль-байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).
2.2. Ұйымдастыру комитеті:
- Фестиваль-байқаудыңжалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Фестиваль-байқауды қатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;
- Фестиваль-байқаудың қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;
- Фестиваль-байқаудың жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;
- талдайды және қорытындылайды.
2.3. Қазылар алқасы Фестиваль-байқаудың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
3. Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
3.1. Фестиваль-байқаудың облыстық кезеңі 2024 жылдың 12 наурызында Өскемен қаласында офлайн форматта өткізіледі.
3.2. Өткізілетін орны мен уақыты қосымша хабарланады.
3.3. Фестиваль-байқауға өтінімдер мен байқаудың жұмыстары (1-қосымша) қалалардың (аудандардың) білім беру бөлімдерінің басшыларықол қойған 2024 жылдың 23 ақпанға дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына жіберіледі.
3.4. Өтінімге қоса тіркеледі:
1) қатысушылар туралы мәліметтер (қатысушының Т.А.Ж, туған жылы, сынып, оқу орны, топты дайындаған мұғалімнің аты-жөні, ұялы телефоны).
3.5. Қатысушылар мен топ жетекшісі туралы берілген мәліметтердің дұрыстығы және нақтылығына жіберуші тарап жауапты.
4. Фестиваль-байқауға қатысушылар
4.1. Облыстық Фестиваль-байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының аудандық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатыса алады. Қатысушылардың жасы: 10-17 жас.
4.2. Командаға қатысушылардың жалпы саны – 8 оқушы.
4.3. Міндетті түрде би топтары екі номинацияда да өнерлерін көрсетеді, әр биге 5 минутқа дейін созылады.
4.4. Би нөмірінің музыкалық сүйемелденуі флеш-тасымалдағышта жазылуы тиіс, онда ұжымның атауы, аудан/қала, осы фонограммаға сәйкес келетін хореографиялық шығарма көрсетіледі. Байқау басталар алдында оны модераторларға ұсыну қажет.
4.5. Электрондық баннерлерді демонстрациялауға болады (бірақ міндетті емес).
4.6. Конкурсты өткізу кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
Байқау басталар алдында модераторларға би нөмірлерінің музыкалық сүйемелдеуін ұсыну қажет.
Конкурсқа қатысушыларды сахнаға ұйымдастыру комитетінің модераторлары қойылымға дейін кемінде 2 (екі) нөмір бұрын шақырады.
Әр команда белгіленген уақытта шығулары керек.
Байқау барысында,сахнада да, залда да мәдениет сақтау қажет.
5. Фестиваль-байқаудың өткізу тәртібі және шарты
5.1. Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) халық биі және халықтық стильденген би:
а) әлем халықтарының биі;
б) қазақ биі;
2) заманауи би:
а) эстрадалық би;
б) аралас би.
5.2. Фестиваль-байқауды кәсіби әділқазылар алқасы бағалайды. Әділ қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.
Бағалау критерийлері:
стильдердің үйлесімінің өзгергіштігі, өзіндік ерекшелігі және үйлесімділігі;
композициялық шешімі;
би қойылымы-идеясы;
техника және орындау деңгейі;
жоғары сапалы орындау;
көркемдік және сюжеттік;
сахналық көрінісі (костюм).
6. Фестиваль-байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
6.1. Фестиваль-байқаудың жеңімпаздары Гран-при, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.
6.2. Фестиваль-байқау қорытындысы ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының https://www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланады.
Ақпарат алу үшін телефондары: 8(7232) 75-26-91, 8 708 177 42 92, 8 705 661 15 35, 8 708 52 92 166.
7. Фестиваль-байқауың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
7.1. Қалалар мен аудандардың білім бөлімі тағайындаған топ басшысы Фестиваль-байқау өткізу кезеңінде қатысушылардың қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауы үшін, сондай-ақ Фестиваль-байқау өтетін жерге барар жолда, оны өткізу кезінде және тұрғылықты жеріне қайтар жолда қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапты болады.
7.2. Әрбір қатысушы Фестиваль-байқау өтетін жерге барар жолда, оны өткізу кезінде және тұрғылықты жеріне қайтар жолда өз заттарының сақталуына жауапты болады.
8. Фестиваль-байқауды қаржыландыру
8.1. Фестиваль-байқауы қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жүзеге асырады.
8.2. Фестиваль-байқауға қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші тараптың есебінен төленеді.