Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2024 жылдың 20 наурызында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» (бұдан әрі - Фестиваль) республикалық балалар киносы фестивалінің облыстық кезеңін қашықтықтан өткізеді.
Фестивальге жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының 11-17 жастағы оқушылары қатыса алады.
Осыған орай, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп директорларының қолы қойылған фестиваль-байқауға өтінімдерді және http://www.youtube.com каналына орналастырылған бейне материалдар сілтемелерін konkurs.vko@mail.ru электрондық мекенжайына 2024 жылдың 11 наурызына дейін жіберу қажет.