1. Жалпы ережелер
1.1. Балалар музыка және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың облыстық кезеңін республикалық фестиваль-байқауын (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, форматын, өткізу, қаржыландыру және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
1.2. Фестиваль-байқаудың мақсаты: музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру, балаларды қосымша біліммен қамту.
1.3. Фестиваль-байқаудың міндеттері:
1) музыкалық өнердің жоғары көркемдік үлгілері негізінде жас музыканттарды тәрбиелеу және рухани-адамгершілік дамыту, білім алушылардың танымдық қызығушылықтары мен эмоционалды қабылдауын қалыптастыру;
2) әр түрлі музыкалық аспаптарда балалардың орындаушылығын танымал ету, музыкалаудың ұжымдық нысандарын дамыту және жетілдіру, білім алушылардың өзін-өзі жүзеге асыруы, қоғамдық тануы үшін мүмкіндіктерін кеңейту;
3) Балалар музыка мектептерін және балалар өнер мектептерін дамыту, олардың білім алушы тұлғасын тәрбиелеудегі, оқытудағы және шығармашылық дамытудағы рөлін арттыру;
4) балаларды іс-шараларға тарту арқылы қосымша білім берумен қамтуды арттыруға ықпал ету.
1.4. Байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).
2. Фестиваль-байқаудың Ұйымдастыру комитеті
2.1. Фестиваль-конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
2.2. Ұйымдастыру комитеті:
- Фестиваль-конкурс өткізудің жалпы тәртібін айқындайды;
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Фестиваль-конкурсқа қатысу үшін өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;
- - фестиваль-конкурстың қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;
- Фестиваль-конкурс жұмысын бағалау критерийлерін анықтайды;
- қорытындыларды талдайды және жинақтайды.
2.3. Фестиваль-байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын бағалайды, қорытындылайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
3. Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
3.1. Фестиваль-байқаудың облыстық кезеңі қашықтық форматта 2024 жылғы 01 наурызында өткізіледі.
3.2. Фестиваль-конкурсқа қатысуға өтінімдер (1-қосымша) қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері басшыларының қолымен 2024 жылдың 26 ақпанына дейін konkurs.vko@mail.ru электрондық поштаға жіберіледі.
3.3. Өтінімге www.youtube.com арнада орналастырылған бейнематериалдардың сілтемелер қоса беріледі.
4. Фестиваль-байқауға қатысушылар
4.1. Балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептері (мамандандырылған мектептер мен колледждерден басқа), оқушылар сарайлары (үйі, орталық, кешен, балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы) музыка мектептерінің ішекті-ысқылы, үрлемелі және соқпалы аспаптар сыныбы бойынша білім алушылар қатысады.
4.2. Қатысушылар Фестиваль-байқау ұйымдастырушыларына www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалдарға сілтемелерді жібереді.
4.3. Сапалы бейнематериал үзіліссіз тұтас бір роликпен жазылу тиіс. Әр түрлі орындаулардың «кесінділері» қарастырылмайды. Бейне жазбада сыртқы микрофонды аудио-сигналды өңдеусіз пайдалануға болады.
5. Фестиваль-байкаудың шарттары мен тәртібі
5.1. Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
а) ішекті-ысқылы, үрлемелі және соқпалы аспаптар сыныбы бойынша білім алушылардың жеке орындауы;
б) музыкалық ұжымдардың ішекті-ысқылы, үрлемелі және соқпалы аспаптар сыныбы бойынша өнер көрсетуі.
5.2. Ішекті-ысқылы аспаптар сыныбының жеке өнер көрсетуі келесі жас санаттары бойынша жүргізіледі.
1) кіші жас тобы – 10 жасқа дейін (9 жасты қоса алғанда);
2) орта жас тобы – 10 жастан 13 жасқа дейін (12 жасты қоса алғанда);
3) ересек тобы – 13 жастан 18 жасқа дейін (17 жасты қоса алғанда).
5.3. Үрлемелі және соқпалы аспаптар сыныбы білім алушыларының жеке орындауы:
1) кіші жас тобы – 11 жасқа дейін (10 жасты қоса алғанда);
2) орта жас тобы – 11 жастан 14 жасқа дейін (13 жасты қоса алғанда);
3) ересек тобы – 14 жастан 18 жасқа дейін (17 жасты қоса алғанда).
Қатысушылардың жасы ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша анықталады.
5.4. Кіші жас тобындағы ішекті-ысқылы аспаптар номинациясындағы қатысушыларға қойылатын конкурстық бағдарламалық талаптар музыка мектебінің V сыныбындағы, орта жас тобында – VI сыныптан төмен емес, жоғары жас тобында – VII сыныптан төмен емес білім алушыларға қойылатын бағдарламалық талаптардан төмен болмауы тиіс.
5.5.Кіші жас тобындағы үрлемелі және соқпалы аспаптар номинациясындағы қатысушыларға қойылатын конкурстық бағдарламалық талаптар музыка мектебінің III сынып оқушыларына, орта жас тобында – IV сыныптан төмен емес, ересек тобында – V сыныптан төмен емес оқушыларға қойылатын бағдарламалық талаптардан төмен болмауы тиіс.
5.6. Кіші және орта топтың солистері бір сілтеме, жоғары топтың солистері – екі сілтеме ұсынады.
5.7. Музыкалық ұжымдардың құрамында дирижер немесе концертмейстер қатысуына рұқсат беріледі. Дирижер мен концертмейстер қатысушылардың санына кірмейді.
5.8.Бағалау өлшемдері:
стильдер комбинациясының өзгергіштігі, өзіндік ерекшелігі және үйлесімділігі;
интонацияның тазалығы және музыкалық жүйе;
музыкалығы, көркемділігі, шығармаларды орындаудағы сенімділігі;
техника және орындау деңгейі;
жоғары сапалы орындау.
6. Фестиваль-байқауды қорытындылау және қатысушыларын марапаттау
6.1. Кәсіби қазылар алқасы байқау жұмыстарын бағалайды. Қазылар алқасының мүшелері бағалау парақтарын толтырады, байқау жұмыстарын бағалау өлшемдеріне сәйкес балл қояды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.
6.2. Фестиваль-байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Фестиваль-байқаудың барлық қатысушыларына қатысу туралы сертификаттар беріледі.
6.3. Фестиваль-байқау қорытындысы ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының https://www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланады.
Анықтама телефоны: 8(7232) 75-26-91, 8 708 177 42 92
7. Фестиваль-байқауды қаржыландыру
7.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.