Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2024 жылғы 01 наурызында Балалар музыка және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың облыстық кезеңін республикалық фестиваль-байқауын (бұдан әрі – Фестиваль – байқауы) қашықтық форматта өткізеді.
Фестиваль-байқауға Балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептері (мамандандырылған мектептер мен колледждерден басқа), оқушылар сарайлары (үйі, орталық, кешен, балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы) музыка мектептерінің ішекті-ысқылы, үрлемелі және соқпалы аспаптар сыныбы бойынша білім алушылар қатысады.
Осыған орай, қалалардың, аудандардың білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған Фестиваль-байқауға өтінімдерді konkurs.vko@mail.ru электрондық мекенжайына 2024 жылдың 26 ақпанына дейін жіберуді сұрайды.