І. Жалпы ережелер
1. 2-11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан республикалық олимпиаданың (бұдан әрі – Олимпиада) облыстық кезеңінің ережесі тоғызқұмалақтан республикалық олимпиаданы өткізу ережесіне сәйкес әзірленді.
2. Осы ереже Олимпиаданың мақсаттарын, міндеттерін, өткізу тәртібі мен қаржыландырылуын айқындайды.
ІІ. Мақсаттары мен міндеттері
3. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
- білім алушылар арасында тоғызқұмалақты дәріптеу, олардың ұлттық спорт түрлері бойынша шеберлігін арттыру;
- білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту;
- Шығыс Қазақстан облысында тоғызқұмалақ бойынша үздік оқушыларды анықтау.
ІІІ. Ұйымдастыру мен өткізуге басшылық ету
4. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуге жалпы басшылықты ШҚО білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы) жүзеге асырады.
Жарысты тікелей өткізуді ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекіткен төрешілер алқасы жүзеге асырады.
Олимпиаданың мектепішілік және аудандық/қалалық кезеңдерін өткізу жауапкершілігі аудандық және қалалық білім бөлімдері мен білім беру ұйымы басшыларына жүктеледі.
5. Олимпиаданың кезеңдерін өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті:
- жарыстарға қатысуға өтінімдер қабылдайды;
- жарыстарды өткізу кестесін анықтайды;
- командалар мен қатысушыларды жарыстарға жіберу бойынша комиссия құрады;
- бас төрешілер алқасының құрамын бекітеді;
- жарысқа қатысушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
- Олимпиада кезеңдерін өткізу туралы есеп жасайды.
ІV. Олимпиаданы өткізу ережелері, орны, мерзімі
6. Олимпиада ұлдар арасында бөлек және қыздар арасында бөлек, рапид бойынша 2-4, 5-8, 9-11 сынып оқушылары арасында үш кезеңде өткізіледі:
1 кезең (мектеп біріншілігі) – мектепішілік жарыстар (қаңтар-ақпан 2024 жыл).
Мақсаты – мектеп құрамасын қалыптастыру, мектеп деңгейінде жеңімпаздарды анықтау.
Мектепішілік жарыстарды өткізу кестесі және олардың жеңімпаздары спорт бұрыштарында, стендтерде орналастырылады.
Жарыс нәтижелері бойынша мектептің құрамасы анықталады: 5 ұл және 5 қыз.
2 кезең (аудан біріншілігі) – қалалық және аудандық жарыстар (қаңтар-ақпан 2024 жыл).
Мақсаты – аудан, қала деңгейінде жеңімпаздарды анықтау.
Қатысушылар – мектепішілік жарыстардың жеңімпаздары.
Жеке біріншіліктің нәтижелері бойынша аудан/қала құрамасы анықталады: 5 ұл және 5 қыз.
Олимпиаданың бірінші (мектеп біріншілігі) және екінші (аудан біріншілігі) кезеңдерін өткізу мерзімдері мен форматы аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, білім беру ұйымдары директорларының бұйрықтарымен анықталады.
3 кезең (облыс біріншілігі) – облыстық жарыстар (2024 жылғы 19 наурыз, Өскемен қ.).
Мақсаты – облыстық деңгейде жеңімпаздарды анықтау.
Қатысушылар – қалалық және аудандық жарыстардың жеңімпаздары.
Жеке біріншіліктің нәтижелері бойынша облыстың құрамасы анықталады: 5 ұл және 5 қыз.
V. Олимпиада қатысушылары
7. Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 2-11 сынып оқушылары қатыса алады:
|
Жас тобы |
Ұлдар саны |
Қыздар саны |
|
2-4 сынып |
1 |
1 |
|
5-8 сынып |
2 |
2 |
|
9-11 сынып |
2 |
2 |
|
Барлығы: |
5 |
5 |
VI. Олимпиаданы өткізу шарттары
8. Олимпиада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Қазақстан Республикасының тоғызқұмалақ республикалық спорт федерациясы бекіткен қолданыстағы ережелер бойынша өткізіледі.
9. Олимпиада ұлдар мен қыздар арасында бөлек, рапид бойынша 2-4, 5-8, 9-11 сыныптар арасында өткізіледі.
10. Олимпиада Швейцариялық жүйе бойынша 7 немесе 9 турда өтеді (командалар санына байланысты).
Барлық жарыстарға ескерту: жарыстарды өткізу кестесі мен жүйесін төрешілер алқасы командалар санына қарай түзете алады.
VII. Жеңімпаздарды анықтау
11. Олимпиада жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Қазақстан Республикасының тоғызқұмалақ республикалық спорт федерациясы бекіткен қолданыстағы ережелермен айқындалады.
12. Жеке біріншіліктерде жеңімпаздар ойыншының жеке нәтижесіне байланысты анықталады. Командалық біріншіліктерде командалық орындар команданың нәтижесіне қарай бөлінеді.
VIII. Өтінім құжаттамасы
13. Командалардың облыстық жарыстарға қатысуына өтінімдер қатаң түрде нысан бойынша (Қосымша 1) рәсімделіп, білім бөлімдері басшыларының немесе облыстық білім беру ұйымдары директорларының қолы қойылады.
1 кезеңді (мектепішілік) және 2 кезеңді (қалалық және аудандық) өткізу қорытындылары бойынша есеп нысан бойынша (Қосымша 2) жасалады.
Өтінімдер (электронды нұсқа) және есеп (электронды нұсқа) 2024 жылдың 7 наурызына дейін sporturizm@shygysdaryn.kz электрондық адресі бойынша қабылданады.
Өтінімдер (түпнұсқа) және есептер (түпнұсқа) өткізу орнына келген соң мандаттық комиссияға беріледі.
Өтініммен және есеппен бір мезгілде мандаттық комиссияға беріледі:
- туу туралы куәлік, жеке куәлік немесе төлқұжат (түпнұсқа көрсетіледі, көшірме тапсырылады);
- оқу орнынан мектеп директорының қолы қойылған фотосуреті бар анықтамалар (мөр фотосуреттің бұрышында орналасуы тиіс) (Қосымша 3);
- команда және команда өкілінің жолдамасы бойынша оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы бұйрығы.
Олимпиада регламенті бұзылған, құжаттар бұрмаланған жағдайда (қатысушының жасы, оқу орны) команда жарыстан шығарылады.
Анықтама телефоны: 8(7232)70-26-74.
IX. Қатысушылардың қауіпсіздігі
14. Жарыс өткізу кезеңінде оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін өкіл-жаттықтырушылар жауапты болады.
15. Олимпиаданың барлық кезеңдерінде командалардың жарыс өтетін жерге келуі жергілікті полиция қызметінің сүйемелдеуімен жүзеге асырылуы тиіс.
X. Олимпиада қатысушыларын марапаттау және қорытындылау
16. Олимпиада жеңімпаздарын төрешілер алқасының мүшелері анықтайды.
17. Жүлделі орындарға ие болған жарыстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары дипломдармен (жаттықтырушыны көрсете отырып) және командалар тиісті дәрежелі медальдармен марапатталады.
Қалған қатысушыларға қатысу туралы сертификаттар беріледі.
XI. Олимпиаданы қаржыландыру
18. Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) және екінші (аудандық/қалалық) кезеңдерінің шығындарын аудандық, қалалық білім бөлімдері, спорт бөлімдері және білім беру ұйымдары өтейді.
19. Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңін қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығымен жүзеге асырылады.
20. Командаларды іссапарға жіберуге байланысты шығындарды (екі жаққа да жол жүру, жарыс кезінде тәуліктік жол жүру, тұру және тамақтану) жарыстың барлық кезеңдерінде жіберуші жақ өтейді.