+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
2-11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу туралы
26 Қаң, 17:30

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 19 наурызда 2-11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан республикалық олимпиаданың (бұдан әрі – Олимпиада) облыстық кезеңі өткізіледі.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: білім алушылар арасында тоғызқұмалақты дәріптеу, олардың ұлттық спорт түрлері бойынша шеберлігін арттыру, білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, Шығыс Қазақстан облысында тоғызқұмалақ бойынша үздік оқушыларды анықтау.

Олимпиада қатысушылары: Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 2-11 сынып оқушылары. Жас топтары: 2-4 сынып (1 қыз, 1 ұл), 5-8 сынып (2 қыз, 2 ұл) , 9-11 сынып (2 қыз, 2ұл). Барлығы командада 5 қыз, 5 ұл.

Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:

Бірінші кезең (мектеп біріншілігі) – мектепішілік жарыстар (қаңтар-ақпан 2024 жыл);

Екінші кезең (аудан біріншілігі) – қалалық және аудандық жарыстар (қаңтар-ақпан 2024 жыл);

Үшінші кезең (облыс біріншілігі) – облыстық жарыстар (2024 жылғы 19 наурыз, Өскемен қ.).

Олимпиаданың бірінші (мектеп біріншілігі) және екінші (аудан біріншілігі) кезеңдерін өткізу мерзімдері мен форматы аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, білім беру ұйымдары директорларының бұйрықтарымен анықталады.

Командалардың облыстық жарыстарға қатысуына өтінімдер (1-қосымша) және мектепішілік, аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерін өткізу бойынша есеп (2-қосымша) аудандық, қалалық білім бөлімдері басшыларының, облыстық білім мекемелерінің директорларының қолымен 2024 жылғы 7 наурызға дейін sporturizm@shygysdaryn.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.