Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 15 наурызда Өскемен қаласында 2-11 сынып оқушылары арасында шахматтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі (бұдан әрі – Олимпиада) өтеді.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: білім алушылар арасында шахматты насихаттау, олардың шеберлігін арттыру, білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, Шығыс Қазақстан облысында шахмат бойынша үздік оқушыларды анықтау.
Олимпиада қатысушылары: Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 2-11 сынып оқушылары.
|
Жас тобы |
Ұлдар саны |
Қыздар саны |
|
2-4 сынып |
1 |
1 |
|
5-8 сынып |
2 |
2 |
|
9-11 сынып |
2 |
2 |
|
Барлығы: |
5 |
5 |
Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең (мектеп біріншілігі) - мектепішілік жарыстар (қаңтар-ақпан 2024 жыл).
Екінші кезең (аудан біріншілігі) – қалалық/аудандық жарыстар (қаңтар-ақпан 2024 жыл).
Үшінші кезең (облыс біріншілігі) – облыстық жарыстар (2024 жылғы 15 наурыз, Өскемен қаласы).
Олимпиаданың бірінші (мектеп біріншілігі) және екінші (аудан біріншілігі) кезеңдерін өткізу мерзімдері мен форматы аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, білім беру ұйымдары директорларының бұйрықтарымен анықталады.
Командалардың облыстық жарыстарға қатысуына өтінімдер (1-қосымша) және мектепішілік, аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерін өткізу бойынша есеп (2-қосымша) аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшыларының, облыстық білім мекемелерінің директорларының қолымен 2024 жылғы 5 наурызға дейін е-mail: sporturizm@shygysdaryn.kz қабылданады.