Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін мектептердің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өткізілетінін хабарлайды.
Олимпиада жаратылыстану, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті,орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндерінен өтеді.
Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
- аудандық/қалалық кезең – 1-2 ақпан 2024 жыл;
- облыстық кезең – 20-21 ақпан 2024 жыл;
- республикалық кезең – мамыр 2024 жыл.
Аудандық (қалалық) кезеңнің нәтижесі бойынша қорытынды есепті (хаттама, сұраныс) және талдау деректерін білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген (үлгіге және 1 қосымшаға сай) сұранысты 2024 жылдың 8 ақпанына дейін priemnaya@shygysdaryn.kz электронды поштасына жіберу қажет.
Қатысушылардың және пән мұғалімінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері сұраныспен қоса беріледі.
Жауапты қызметкердің электрондық поштасына тапсырмалар өткізілетін күні Олимпиада басталғанға дейін 1 сағат бұрын жіберіледі. Жауапты маман туралы мәлімет 2024 жылдың 29 қаңтарына дейін жіберілуі қажет.
Облыстық кезеңге қатысу квотасы әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған білім мекемелерінен әр пәннен, әр сыныптан бір оқушы.
Сұраныс үлгісі
|
№ |
Оқушының аты-жөні, тегі |
Қатысушының ЖСН |
Аудан |
Мектеп |
Сынып |
Пән |
Оқыту тілі |
Әлеуметтік жағдайы |
Пән мұғалімінің аты-жөні, тегі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша 1
|
№ |
Район/город |
II кезең, аудандық/қалалық |
|||||||||
|
Iкезең мектепішілік |
|
||||||||||
|
Мектеп саны |
Қатысушы саны |
Мектеп саны |
Қатысушы саны |
Қазақ тілінде қатысушылар саны |
Ауыл мектептерінен қатысушылар\саны |
Лицей /гимназия |
Жалпы білім беретін білім мекемелерінен |
||||
|
|
|
|
|
|
Қатысуы саны |
Жүлдегерлер саны
|
|
|
|||
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|