2024 жылдың 22-25 қаңтары күндері Шығыс Қазақстан облысының іріктеу кезеңінің жеңімпаздары Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған I республикалық олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша қатысты.
Олимпиаданың мақсаты – ауыл мектептеріндегі оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау, академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларға одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдар беру үшін оңтайлы жағдай жасау.
Олимпиада қорытындысы бойынша 4 қатысушы жүлдегер атанды.
І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен:
Мұратова Аяужан - Тарбағатай ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті).
ІІ дәрежелі дипломдар мен және күміс медальдармен:
Қайратқызы Дина - Катонқарағай ауданы, С. Ластаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (ағылшын тілі);
Жандосұлы Сырым - Ұлан ауданы, Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы (құқық негіздері).
ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен:
Степанова Виталина - Самар ауданы, №1 Самар орта мектебінің 10 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті) марапатталды.
Ерекше жетістігі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасы Күршім ауданы, №1 Марқакөл орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ерденқызы Еркеназға (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі) берілді.
Шәкәрім университетінің гранты Катонқарағай ауданы, С. Ластаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Қайратқызы Динаға;
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің гранты Тарбағатай ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Мұратова Аяужанға берілді.
Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!




