+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Спешиал Олимпикс» қозғалысының үстел теннисінен облыстық спартакиадасын өткізу туралы
24 Қаң, 10:47

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 20 ақпан күні Өскемен қаласында «Спешиал Олимпикс» қозғалысының үстел теннисінен облыстық спартакиадасы (бұдан әрі - Спартакиада) өткізіледі.

Спартакиаданы өткізудің мақсаты: Арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау; зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі білім алушыларды спортпен шұғылдануға тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға ықпалдастыру; қоғамның, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдарға назарын аудару және көзқарасын өзгерту болып табылады.

Ойындар Special Olympics спорттық ережелеріне, Федерация бекіткен үстел теннисі ережелеріне сәйкес өткізіледі.

Спартакиадаға берілген өтінімдер негізінде медициналық-әлеуметтік мекемелердің (МӘМ), арнайы мектептердің, сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің командалары қатыса алады.

Команда құрамы: 11 адам - 4 ер, 4 әйел, 1 жаттықтырушы, 1 дәрігер, 1 команда өкілі. Бөлу келесі жас топтарында жүзеге асырылады: 12-15 жас, 15-22 жас.

Спартакиадаға қатысуға қабілеттері әртүрлі деңгейдегі зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі (ақыл-ой кемістігі бар) спортшылар жіберіледі. Даун синдромы бар қатысушыларға мойын аймағының рентгеноскопиясының нәтижелері бойынша дәрігердің қорытындысы болуы керек.

Өтінім қатаң түрде нысан бойынша ресімделеді (1-қосымша), оған медициналық-әлеуметтік мекеменің (МӘС), арнайы мектептің, колледждің директоры, білім бөлімінің басшысы қол қояды. Өтінімдер (электрондық нұсқа) 2024 жылғы 9 ақпанға дейін (сканерленген) sporturizm@shygysdaryn.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.

Өтінімдер (түпнұсқа) өткізу орнына келгеннен кейін мандаттық комиссияға беріледі.

Өтініммен бір мезгілде мандаттық комиссияға беріледі:

- қатысушының жеке куәлігі (16 жасқа дейінгі қатысушыларға - туу туралы куәлік), сондай-ақ оның көшірмесі;

- команда мен команда өкілінің жолдамасы бойынша, қауіпсіздік техникасын сақтау, қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі бұйрық.