2024 жылдың 19 қаңтарында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық спорттың қысқы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің базасында шаңғы жарысы бойынша Қазақстандық арнайы олимпиаданың облыстық турнирыөтті.
Турнирдың мақсаты: арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау; зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды спортпен шұғылдануға тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға ықпалдастыру.
Турнирге Өскемен және Риддер қалаларының медициналық-әлеуметтік мекемелерінің және арнайы мектептердің командалары қатысты.
Турнир Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес өткізілді.
Турнирдың қорытындысы бойынша келесі командалар жеңіс тұғырынан көрінді:
Қыздар арасында:
І орын – Васильева Ксения, Риддер қаласының «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, №2 команда;
ІІ орын – Булгакова Анжела, Риддер қаласының «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, №1 команда;
ІІІ орын – Нуржанова Балжан, Риддер қаласының «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, №2 команда.
Ұлдар арасында:
І орын – Малыхин Павел, Өскемен қаласының «Жасөспірімдер үйі» КММ;
ІІ орын – Мирофанов Данил, Өскемен қаласының «Жасөспірімдер үйі» КММ;
ІІІ орын – Адаричев Николай, Риддер қаласының «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, №1 команда.
Эстафетада:
І орын – Риддер қаласының «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, №2 команда;
ІІ орын – Риддер қаласының «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, №1 команда;
ІІІ орын – Өскемен қаласының «Жасөспірімдер үйі» КММ;
ІІІ орын – Өскемен қаласының «№8 арнайы мектеп-интернат» КММ.
Жалпыкомандалық есепте:
І орын – Риддер қаласының «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, №2 команда;
ІІ орын – Өскемен қаласының «Жасөспірімдер үйі» КММ;
ІІ орын – Риддер қаласының «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, №1 команда;
ІІІ орын – Өскемен қаласының «№8 арнайы мектеп-интернат» КММ.
І, ІІ, ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.
Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!