+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Тұрақты даму үшін экологиялық білім берудің балалар бизнес-жобалары» атты VII Республикалық конкурсын өткізу туралы ақпарат
12 Ақп, 11:21

Республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы баламалы білім беру «Жастар жетістіктері» Орталығымен бірігіп, «Шеврон» корпорациясының қаржылық қолдауымен «Тұрақты даму үшін экологиялық білім берудің балалар бизнес-жобалары» атты VII Республикалық конкурсын өткізетіндігін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.

Конкурстың мақсаты: Экологиялық жүйенің тұрақтылануына нақты әрекеттер ету, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау және зерттеуде оқушылардың тәжірибелік біліктілігі мен дағдыларын жүйелі түрде дамыту.

Конкурсқа 5-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Конкурстың ережесі www.daryn.kz. сайтында жарияланған.

Конкурсқа әр ауданнан, қаладан – 5 оқушыдан, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден – 3 оқушыдан қатысады.

Сұраныс үлгісі:

    Жоба атауы

Номинация

Қатысушының аты-жөні

Жетекшінің аты-жөні

Білім беру мекемесінің атауы

Мекен жайы, байланыс телефоны, электрондық пошта

 

 

 

 

 

 

Қалалық, аудандық білім бөлімдерінің бастықтары мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің директорларының қолы қойылып, мөр басылған сұраныстарды, сонымен қатар жұмыстарды 2013 жылдың 04 наурызына дейін төмендегідей мекен-жайға жіберулеріңіз керек: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі 74, 55-21-12