1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже робототехника бойынша «Robotek Grand Tournament» жарысының (бұдан әрі – Чемпионат) облыстық кезеңінің мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді, өткізу және қаржыландыру, қатысу мен жеңімпаздарды анықтау тәртібін айқындайды.
2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы) болып табылады.
3. Чемпионаттың негізгі мақсаттары мен міндеттері: Шығыс Қазақстан облысындағы роботтарды жобалау және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, оқушыларды республикалық және халықаралық Чемпионаттарға қатысуға іріктеу және дайындау болып табылады.
2. Чемпионаттың жұмыс органдары
1. Чемпионатты дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру және жүзеге асыру үшін білім басқармасының бұйрығы негізінде облыстық ұйымдастыру комитеті құрылады, ол:
- Чемпионатты өткізудің жалпы тәртібін анықтайды;
- Чемпионатқа тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- төрешілер бригадасының құрамын бекітеді;
- Чемпионат қорытындыларын талдайды және жалпылайды;
- Чемпионат нәтижелері туралы есеп береді және робототехника бойынша «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатына облыс оқушылары командасының қатысуына өтінім ұсынады;
- Чемпионат материалдарын БАҚ-та жариялайды.
2. Төрешілер құрамына ЖОО оқытушылары, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, осы бағыт бойынша білікті жаттықтырушылар енгізіледі. Тәрбиеленушілері осы чемпионатқа қатысатын жаттықтырушылар төрешілікке қатыса алмайды.
3. Чемпионат Төрешілері:
Бас төреші – жарыстың ұйымдастырылуы мен төрешілігіне басшылық ету. Жарыстарды өткізуді жедел басқару. Іс-шара бағдарламасының сақталуын қамтамасыз ету. Даулы және Ережемен реттелмейтін мәселелерді шешу. Командаларды дисквалификациялау туралы шешім қабылдау. Жарыс қорытындылары туралы есептілікті дайындауға басшылық жасау. Жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды беру үшін ұйымдастыру комитетіне ұсыныстар береді.
Жарыстың бас хатшысы – спорттық жарысқа келген қатысушыларды тіркеу және барлық мәлімделген қатысушылардың бар-жоғын тексеру. Бас төрешіге және төрешілер алқасына қатысушының келмеуі немесе тіркеу деректерінің сәйкес келмеуі туралы хабарлау. Спорттық жарыстарға қатысушыларды салтанатты рәсімдердің, спорттық жарыстардың және спорттық жарыстар шеңберінде ұйымдастырылған өзге де іс-шаралардың өткізілетін орны мен уақыты туралы, сондай-ақ, бас төрешілер алқасының шешімдері туралы хабардар ету. Жарыстардың жекелеген хаттамаларын санаттар бойынша бірыңғай турнир кестесіне келтіру, өткізу нәтижелері туралы аралық және қорытынды есептілікті дайындау.
Төреші-Арбитр - Жарыстың жеке санаты бойынша төрешілік ету. Бастау хаттама болмаған жағдайда жеребе тастау. Жарыс ережелері мен регламенттерінің сақталуын бақылау. Спорттық жарыстарға қатысушылармен өзара олардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруға және үйлестіруге арналған жарыстар.
Төреші-хронометр – техникалық әрекеттерді тіркеу және қатысушылардың әрекет нәтижелерін айқындау.
3. Чемпионаттың қатысушылары
1. «Robotek Grand Tournament» чемпионаты - командалық іс-шара.
2. Чемпионатқа оқу орындарының, үйірмелердің, клубтардың және жеке тұлғалардың командалары қатысады, олар робототехниканы зерттеу үшін кез келген робототехникалық платформаны пайдаланады (әртүрлі жиынтықтардың бөлшектерін біріктіруге рұқсат етіледі, сондай-ақ қолдан жасалған роботтар). Бір команда мүшелерінің ерекше киім нысаны (оқу орнының логотипі немесе команда атауы бар футболка) немесе басқа элемент (галстук, белгі немесе таңғыш) болуы тиіс
3. Санатқа қатысу үшін командалар санын Ұйымдастыру комитеті бекітеді.
4. Команда құрамына екі спортшы және бір робот кіреді. Бұл екі қатысушы тек бір роботты және тек бір Чемпионат санатын пайдалануға құқылы. Команданың өз атауы болуы керек.
5. Қатысушылардың жасы санат регламентімен анықталады.
6. Чемпионаттың барлық қатысушыларында міндетті түрде өзімен бірге жеке басын және жасын куәландыратын құжаттар болуы тиіс (ҚР заңнамасына сәйкес).
4. Чемпионаттың облыстық кезеңін өткізу тәртібі
1. Чемпионаттың облыстық кезеңі 2024 жылдың қаңтар айының үшінші онкүндігінде өткізіледі.
2. Өтетін орны - Өскемен қаласы.
3. Чемпионат санаттарының тізбесі және оларға жіберілетін командалар саны №1 қосымшада келтірілген.
4. «Robotek Grand Tournament» чемпионатында әртүрлі конструкторлық платформалар негізінде жиналған Роботтар бірге жарысады; платформалар бойынша бөлу қолданылмайды.
5. Чемпионаттың әртүрлі санаттарындағы жарыстар бір уақытта өткізілуі мүмкін. Бір команда тек бір санатқа қатыса алады.
6. Бір санатта 3-тен аз өтінім берілген жағдайда, осы санаттағы жарыстар өткізілмейді.
7. Қатысушылардың жасы 9-дан 17 жасқа дейін. Әрбір санат бойынша жас топтарының нақты шектері регламенттерде ескертіледі және осы Ереженің №1 қосымшасында көрсетілген.
8. Санаттар бойынша жарыс шарттары мен регламенті https://rgt.robotek.kz сайтында орналастырылған.
9. Жарыс өтетін күні роботтарды күйге келтіру және баптау үшін әр команда үстелмен қамтамасыз етіледі.
10. Әр робот үшін команда барлық қажетті материалдарды әкеліп, дайындауы керек (Ұйымдастыру комитеті өткізілетін жерде бермейді):
- роботтарға қажетті бөлшектер мен компоненттер жиынтығы, оның ішінде зарядтағыштар;
- бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған портативті компьютер (ноутбук) және орнату дискілері (операциялық жүйені немесе бағдарламалық өнімдерді шұғыл қалпына келтіру жағдайында);
- қосалқы батареялар немесе зарядталған батареялар (роботты жөндеу кезінде батарея заряды жұмсалады және жарыстың өзі кезінде жеткіліксіз болуы мүмкін) және т. б.
- қуат көзімен қамтамасыз ету үшін әр команда өзімен бірге желілік сүзгі (сетевой фильтр) алып келуі қажет
- сондай-ақ, қажетті санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік құралдары.
11. Жарыс аймағында тіркелген қатысушыларды өз орындарына орналастырғаннан кейін әр санаттағы төрешілер оларға жарыстарды өткізу тәртібі мен ережелерін және техникалық регламенттерді еске салуы тиіс. Барлық қатысушылар жарысқа тіркелу кезінде ережелерді түсінгенін және жарыс шарттарымен келісуін растауы керек. Роботты техникалық инспекция үстеліне тапсыру қатысушылардың жарыстың соңғы шарттарымен келісімін растайды. Карантинге түскеннен кейін жарыс шарттарына жасалған шағымдар команданың шеттетілуіне әкеледі (дисквалификация).
12. «Тосын сый» - қатысушының жаттықтырушының қатысуынсыз оны өз бетінше орындау қабілетін тексеруге бағытталған санаттың техникалық күрделілік деңгейі шеңберіндегі қосымша тапсырма.
«Тосын сый» жеребемен анықталады және жарыс ережелері мен ережелерін оқығаннан кейін, роботтарды жинау және күйін келтіру басталғанға дейін жарияланады. 2023-2024 жылғы маусымда тосын сый тек даулы жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін, онда команда жұмыстың дербестігін дәлелдеуі керек. Тосын тапсырмалар тізімі жарыстың бас төрешісіне арналған жаднамада көрсетілген.
13. Жөндеу уақыты аяқталғаннан кейін командалар өздерінің роботтарын «карантин» аймағына орналастырады. Техникалық комиссияның төрешісі барлық қатысушылардың роботтары техникалық сараптамадан өтіп, талаптарға сай екендігі туралы растағаннан кейін жарыс Ережеге сәйкес басталады.
14. Жарыс кезінде роботтардың дизайны өзгеріссіз қалуы керек. Турлар арасында қатысушылар зақымдалған роботты жөндеуге, қуат элементтерін ауыстыруға, бағдарламаға өзгерістер енгізуге құқылы. Жедел жөндеу уақыты-10 минут. Уақытты техникалық комиссияның төрешісі бақылайды.
15. Жарыс аймағында жүруге тек команда қатысушыларына, ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне және төрешілерге рұқсат етіледі. Бапкерлер, жетекшілер және команда басшылары жарыс аймағына жіберілмейді.
16. Команда қатысушыларына ұйымдастыру комитеті мүшесінің рұқсатынсыз жарыс аймағынан шығуға тыйым салынады.
17. Егер жарыс кезінде өз командасының роботтарын басқару немесе қарсылас роботтарға кедергі жасау үшін кез-келген қашықтан басқару құрылғыларын зиянды пайдалану анықталса, команда дисквалификацияланып, жарыстан шығарылады.
18. Егер төрешілікке қатысты қандай да бір қарсылықтар туындаса, команда жазбаша түрде (чемпионаттың бас төрешісінің атына) төрешілердің шешіміне ағымдағы тур аяқталғаннан кейін 10 минуттан кешіктірмей, тек команда жетекшісі арқылы шағымдануға құқылы.
19. Ұйымдастыру комитеті, төрешілер, жарысқа қатысушылар және жетекші тұлғалар жасына, жынысына, ұлтына, діни қатыстылығына және физикалық ерекшеліктеріне қарамастан бір-біріне төзімділік пен құрмет көрсетуге міндетті.
20. Чемпионатқа қатысушылардың этикалық емес немесе спорттық емес мінез-құлқы, судьялардың талаптарын орындаудан бас тарту өрескел бұзушылық ретінде қарастырылады және дисквалификациямен жазаланады.
21. Жеке заттарының, сондай-ақ конкурстық жұмыстардың зақымдануы мен жоғалуы үшін ұйымдастырушылар жауапкершілік алмайды.
5. Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
1. Чемпионат жеңімпаздары жарыстың әр санаты бойынша тиісті Регламентте көрсетілгендей анықталады (қосымшаларды қараңыз).
2. Жарыстың барлық қатысушылары қатысу сертификаттарын, жарыс санаттары бойынша жеңімпаздар – дипломдар алады.
6. Қаржыландыру
1. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қатысушылардың іссапар шығындарын жіберуші тарап көтереді.