+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған I республикалық олимпиаданың жаратылыстану - математикалық бағыты бойынша ҚОРЫТЫНДЫСЫ
18 Қаң, 16:40

2024 жылдың 15-18 қаңтары күндері Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған I республикалық олимпиадаға жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қатысты.

Олимпиаданың мақсаты – ауыл мектептеріндегі оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау, академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларға одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдар беру үшін оңтайлы жағдай жасау.

Олимпиада үш кезеңде өткізілді: бастапқы, іріктеу, республикалық.

Қорытынды кезеңде облысымыздың намысын іріктеу кезеңнің жүлдегерлері қорғады.

Олимпиада екі айналымнан тұрды: теориялық және тәжірибелік.

Олимпиада қорытындысы бойынша облысымыздың жетістіктер қоржыны 8 медальмен толықты.

І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен:

Глубокое ауданы Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебінің 9 сынып оқушысы - Чугунов Владислав (биология);

Күршім ауданы №3 Күршім гимназиясының 11 сынып оқушысы - Бағданов Арман (биология).

ІІ дәрежелі  дипломдар мен және күміс медальмен:

 Ұлан ауданы Қ. Құдагелдинов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы - Әділбекқызы Дильназ (география);

Глубокое ауданы Верх-Березовк а орта мектебінің 10 сынып оқушысы - Петров Илья (математика);

Шемонаиха ауданы И. Астафьев  атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы - Лисаченко Владислав (математика).

ІІІ дәрежелі дипло мдармен және қола медальмен:

Ұлан ауданы С. Аманжолов атындағы орта мектеп тің 10 сынып оқушысы - Жұмабек Маржан (биология);

 Зайсан ауданы Шілікті орта мектебінің 9 сынып оқушысы - Шегенова Жанерке (биология);

Зайсан ауданы Қазақстан орта мектебінің 11 сынып оқушысы - Қажықан Дана (биология).

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен Тарбағатай ауданы Жетіарал мектеп-балабақша кешенінің 10 сынып оқушысы Байдуллаева Еркенұр (математика) марапатталды.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің гранты Күршім ауданы №3 Күршім гимназиясының 11 сынып оқушысы Бағданов Арманға берілді.

Астана Халықаралық университетінің гранты Зайсан ауданы Қазақстан орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қажықан Данаға берілді.

I республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыттағы қорытындысы бойынша ең үздік нәтижелері үшін жалпы командалық есепте Шығыс Қазақстан облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясымен марапатталды.

Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!