«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында 2013 жылғы 25-і ақпан және 20-ы наурыз аралығында тұңғыш рет қазақ халқы этнографиясынан республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.
Олимпиада сұрақтары этногенез және этникалық тарих, дәстүрлі және рухани мәдениет, дәстүрлі шаруашылық және заттық мәдениет тақырыптарына арналған.
Олимпиада www.cdo.kz сайтында өткізіледі.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Олимпиаданы өткізу уақыты және қатысу шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz және www.cdo.kz сайттарында жарияланады.
Олимпиада жайлы толық мағлұматты 8 (7182) 65-29-77, 8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы және www.cdo.kz сайтында хабаралама жазу арқылы білуіңізге болады.
Оқушыларға арналған қазақ халқы этнографиясынан республикалық қашықтық олимпиадасы туралы
12 Ақп, 11:13