+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Мерейтойлық ХX Халықаралық Жәутіков олимпиадасындағы лайықты жеңіс
15 Қаң, 11:52

2024 жылдың 8-13 қаңтары аралығында Алматы қаласында мерейтойлық ХX Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, оларды зияткерлік тұрғыда одан әрі дамыту және кәсіби бағдарлау үшін жағдай жасау, оқушылар арасында физика, математика және IT білімдерін тарату және насихаттау, сондай-ақ, басқа елдердің физика-математикалық мектептерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Халықаралық олимпиадаға Казақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния сынды 14 елден 600-ге жуық дарынды оқушылар қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша информатика пәнінен  ІII дәрежелі дипломмен және қола медальмен Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Ахметов Әлішер марапатталды.

Әлішерді  жоғары нәтижеге қол жеткізуімен  құттықтаймыз! Алда табыс пен жеңістер тілейміз!