+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Жыр алыбы – Жамбыл» атты облыстық жас ақындар айтысының қорытындысы
12 Қаң, 18:18

2024 жылдың 12 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты облыстық жас ақындар айтысын өткізді.

Облыстық айтыстың мақсаты - ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, тума таланттарды анықтау, қабілеттерін айқындау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру.

Жас ақындарды білікті қазылар алқасы бағалады, олардың құрамына Шығыс Қазақстан облысының ақындары мен жетекші оқу орындарының ғалымдары  кірді.

Айтыстың қорытындысы бойынша оқушылар төмендегідей  жүлделерге ие болды:

І орын – Ермеков Әли (Тарбағатай ауданы, «Дәулетбай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ);

І орын – Балғабаева Айғаным (Зайсан ауданы, «Көгедай орта мектебі»  КММ);

ІІ орын – Асылбек Аймерей (Өскемен қаласы, «Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ;

ІІ орын – Оралғазы Данияр (Өскемен қаласы, «№35 орта мектебі» КММ);

ІІ орын – Силамбек Руслан (Өскемен қаласы Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ);

ІІІ орын – Марат Ахмет («Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейі»);

ІІІ орын – Мұратқанұлы Мұхтар (Өскемен қаласы, Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ);

ІІІ орын – Тұрсын Салтанат (Самар ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы орта мектеп-лицейі» КММ,);

ІІІ орын – Алмасұлы Айбын (Өскемен қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Облыстық кезеңнің І орын иегерлері  Ермеков Әли мен Балғабаева Айғаным ағымдағы жылғы ақпанда өтетін байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайды.

 

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!