+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында XXV республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңін өткізу ЕРЕЖЕСІ
11 Қаң, 11:17

1. Жалпы ереже

1.1. Осы ереже жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларының арасында өткізілетін облыстық Абай оқуларының (бұдан әрі Абай оқулары) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қызметін, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.

1.2. Абай оқуларының ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі ДпҚББДШҚҒӘО «Дарын»).

1.3. Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді  оқуға  деген қызығушылықтарын арттыру.

1.4. Абай оқуларының негізгі міндеттері Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

2. Абай оқуларының қатысушылары

2.1. Абай оқуларына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, облыстық білім мекемелерінің, Шығармашылық үйлерінің, өнер, музыка мектептерінің 8-10 сыныптарының қалалық, аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары атанған оқушылар, яғни  квотаға сәйкес (1 қосымша ) әр номинацияға 1 оқушыдан 6 үміткер қатысады. Абай оқулары қазақ тілінде жүргізіледі.

3. Абай оқуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі

    3.1. Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізіледі:

1. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушының жатқа білетін Абай шығармаларының санына, сонымен қатар ұмытпай, жаңылмай оқуларына байланысты бағалайды (өтініммен бірге жаттаған өлеңдерінің тізімі ұсынылады).

2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу. Бұл номинация бойынша оқушының жаттаған қарасөздерінің саны ескеріледі, сонымен қатар оны толық білулері, ұмытпай, жаңылмай оқуларына байланысты бағаланады (өтініммен бірге жаттаған қара сөздерінің тізімі ұсынылады).

3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. Бұл номинация бойынша шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы, толық білуі бойынша бағаланады (өтініммен бірге жаттаған өлеңдерінің тізімі ұсынылады).

4. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.

5. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы – оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланады, оқушыға ақындығын бағалау үшін кез келген тақырыпта өлең шығару тапсырмасы беріледі, жинағына енгізілген өлеңді оқуға болмайды (кітапшасының болуы шарт).

6. «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазу.

Қатысушының теориялық білімін, шығармашылық қабілетін тексеру мақсатында эссе жұмысы бойынша арнайы 3 тақырып ұсынылады. Оқушы бір тақырыпты таңдап 90 минут көлемінде эссе жазып тапсырады.

3.2. Абай оқулары 3 кезеңде өткізіледі:

1  кезең - қалалық, аудандық;

2 кезең – облыстық – 31 қаңтар;

3 кезең - республикалық – мамаыр, маусым.

3.3. Абай оқуларының өткізу барысын қадағалау және ұйымдастыру жұмысының дайындығын іске асыру үшін облыстық ұйымдастыру комитеті құрылады.

3.4. Ұйымдастыру комитеті Абай оқуларының қорытынды кезеңінің өткізілу орнын белгілеп, дайындық жұмыстарын жүргізуде тікелей басшылық етеді, қазылар алқасының құрамын, ісшараның өткізу бағдарламасын, қатысушылардың тізімін бекітіп, жеңімпаздарды марапаттайды.

3.5. Қазылар алқасының құрамы жоғарғы оқу орнының ғалымдарынан және аға оқытушыларынан, облыстық орталықтардың және мәдениет салаларының қызметкерлерінен, жазушы журналистерден тұрады.

3.6. Қазылар алқасы:

1) қатысушыларды білімі мен өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді, талдау жасайды және он баллдық жүйемен бағалайды;

2) қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;

3) жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі.

3.7. Абай оқуларының облыстық кезеңі 2024 жылдың 31 қаңтарында  Өскемен қаласында «№1 балалар музыкалық мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (Қабанбай батыр көшесі, 111 үй )өткізіледі. Облыстық кезеңге қатысу үшін сұранысты ережеге сай ұйымдастыру комитетіне 2024 жылдың 22 қаңтарға дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Сұраныс үлгісі:

 

Оқушының аты-жөні

Қаласы, ауданы

Мектебі

Сыныбы

Номинациясы (жаттаған өлеңдерінің саны)

Әлеуметтік статусы

Дайындаған мұғалімнің аты-жөні (толығымен), жұмыс орны, байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Қорытындылау және марапаттау

 

1. Абай оқуларының жеңімпаздары әр бағыт бойынша Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және ДпҚББДШҚҒӘ«Дарын» орталығының грамоталарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

5. Абай оқуларын қаржыландыру

5.1. Абай оқуларын қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББДШҚҒӘО «Дарын» орталығы есебінен жүзеге асырылады.

5.2. Облыстық кезеңге қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары (келу - қайту жолы, жататын орны мен тамақтануы) жіберуші жақ есебінен төленеді.