Қазақстан-Американдық Еркін Университеті ШҚ «Дарын» ӨҒП орталығымен бірлесе отырып облыстың жоғарғы сынып оқушылары арасында «Learn English – Broaden Your Horizons» атты ағылшын тілі бойынша аймақтық олимпиада өткізеді.
Олимпиада 2013 жылдың 1 наурызы мен 7 наурызы аралығында Қазақстан-Американдық Еркін Университеті бастамасымен және «Co-Serve International» қорының, шетелдік серіктес жоғарғы оқу орындарының (АҚШ) , «Менің қалам» қорының және «Өскемен қаласының құрметті азаматтары» қамқоршылдық кеңесініңұйымдастырушылық көмегімен өтеді.
Олимпиадаға қатысу үшін мектеп 9-11 сыныптардан төрт адамнан тұратын бір құрама комана құрайды. Командаларды тіркеу үшін 2013 жылдың 25 ақпанына дейін serikabilov@kafu.kzэлектронды поштаға міндетті түрде «Тапсырыс, мектеп, қала» тақырымен тапсырыс жіберіледі. Хатта қатысушылардың тізімі, байланыс телефоны және электронды мекен-жайы болуы керек.
Тіркелгеніңізді растау Сіздің электронды мекен-жайыңызға жіберіледі. Анықтамаларды мына телефондар бойынша: +7 (7232) 23-13-72, +7 (7232) 23-13-77, +7-777-633-96-84 білуге болады.
Олимпиада туралы Ереже қосымша беріледі.