+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Жыр алыбы - Жамбыл» облыстық жас ақындар айтысын өткізу ЕРЕЖЕСІ
10 Қаң, 11:44

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже «Жыр алыбы - Жамбыл» атты облыстық жас ақындар айтысының (ары қарай – Айтыс)  мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды, қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.

1.2. Айтыстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (ары қарай - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

1.3. Айтыстың мақсаттары мен міндеттері:

- мектеп оқушылары арасында Жамбыл Жабаевтың шығармаларын насихаттау;

- оқушылардың суырып салмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

- оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету;

- айтыскер жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру;

- осы байқауға сәйкес жыр-терме үрдісін жаңғырту.

2. Айтысты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

2.1. Айтыс екі номинация бойынша өтеді:

Тақырыптық айтыс. Бұл жерде оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын, жалпы елдегі хал-ахуалы туралы жырлау керек, бір-біріне мәнді де мағыналы жауап қайтара білу керек.

Қайым айтыс. Қайым айтыстың негізгі шарты – айтысты бастаған қарсыластың айтқан өлеңінің ұйқасын бұзбай, алғашқы екі жолын мағыналық тұрғыда ғана сәл өзгертіп немесе сол қалпында сақтап соңғы екі жолында жауап қайтару. Қайым айтыс – нағыз суырып салмалықты, шапшаңдық пен тапқырлықты басты талап қылып, жедел ой қорытып, салмақты жауап қайтаруды қажет ететін айтыстың ең қызық түрі болып табылады.

2.2. Айтыс 3 кезеңде өтеді:

1 кезең – аудандық (қалалық);

2 кезең – облыстық;

3 кезең – қорытынды, республикалық.

3. Айтыстың қатысушылары мен оларға қойылатын талаптар және критерилері

3.1. Айтысқа аудандық, қалалық кезеңнің жеңімпаздары болған жалпы білім беретін мектептердің 7 - 11 сынып оқушылары қатыса алады. Әр аудан, қала және дарынды балаларға арналған облыстық білім мекемелері облыстық кезеңге 2 оқушыдан ұсынады.

3.2. Айтысқа қатысатын оқушы поэзияны сүйетін, оны тақырыбына сай талдай білетін, «өлең – сөздің патшасы» екендігін жанымен түсіне білетін, өз ойын жан-жақты жеткізе алатын суырып салмалық қабілеті бар болуы шарт.

3.3. Айтысқа қатысушылар жыр-дүлдүлі – Жамбыл Жабаев туралы 2 шумақтан 5 шумаққа дейін өзі шығарған өлеңді сұраныс пен қоса ұйымдастыру комитетіне ұсыну қажет.

3.4. Айтысқа қатысушы үміткерлер ел-жер тарихы, қоғам қайраткерлері, тіл мәселесі, ауыл проблемасы, оқу мен тәрбие жайы, жастар болашағы, қоғамдағы қазіргі жағдайлар туралы, сондай-ақ, Жамбыл Жабаевтың шығармашылығынан және оның айналасындағы ақын-жыраулар поэзиясынан хабардар болып, қарсыласына қолма-қол жауап бере алатындай болуы шарт. Әр жұптың айтысы  20 минуттан аспауы керек.

3.5. Қазылар алқасы бағалауды келесі критерийлер негізінде жүзеге асырады:

- айтыскердің өлеңді ұйқастыру қабілеті;

- суырып салмалық қасиеті;

- тақырыптан ауытқымай айтысуы;

- сахнада өзін- өзі ұстау шеберлігі.

3.6. Қатысуға өтінімдер және Жамбыл Жабаев туралы 2 шумақтан 5 шумаққа дейін өзі шығарған өлеңдімына мекен-жайға жіберіледі: texno_otdel@mail.ru

4. Айтыстың ұйымдастыру комитеті

4.1. Айтысты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (ары қарай – Ұйымдастыру комитеті).

4.2. Ұйымдастыру комитеті:

- Айтыстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

- тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Айтысқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдайды;

- Айтыстың қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

 - Айтыстың жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;

- талдайды және қорытындылайды.

4.3. Айтысты ұйымдастыру үшін өткізілетін орындарда үйлестірушілер тағайындалады. Үйлестірушілер әдіскерлер немесе білім бөлімдерінің қызметкерлері болуы мүмкін.

4.4. Үйлестірушінің міндеті:

- Айтысқа қатысу үшін өтінімді уақытымен беру;

- Айтыстың өткізу Ережесіне сәйкес Айтыс ұйымдастыру.

5. Қазылар алқасы

5.1. Айтыскердің өлеңді ұйқастыру қабілетіне; суырып салмалық қасиетіне; тақырыптан ауытқымай айтысуына; сахнада өзін-өзіұстау шеберлігіне, киім киісіне талдау жасайды. Сонымен қатар, қатысушылардың өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді; жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі. Әр айтыскерді 10 балдық жүйемен бағалайды.

6. Жеңімпаздарды марапаттау

6.1. Жеңімпаздар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификат беріледі.

6.2. Жеңімпаз дипломында оқушыны конкурсқа дайындаған жетекшінің немесе мұғалімнің аты, тегі көрсетіледі.

7. Конкурсты өткізу мерзімі

7.1. Айтыс 2024 жылдың 12 қаңтарында Өскемен қаласындаөткізіледі.

8. Айтысты қаржыландыру

8.1. Айтысты ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығыбекітілген сметаға сәйкес қаржыландырады.

8.2. Байқауға қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары жіберуші жақ есебінен төленеді.