+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Жыр алыбы - Жамбыл» облыстық жас ақындар айтысын өткізу туралы
10 Қаң, 11:41

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан   ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ШҚО жалпы білім беретін ұйымдардың 7 - 11 сынып оқушылары арасында 2024 жылдың 12 қаңтарында «Жыр алыбы - Жамбыл» облыстық жас ақындар айтысын (бұдан әрі - Айтыс) өткізеді.

Айтыстың мақсаты - мектеп оқушылары арасында Ж. Жабаевтың шығармаларын насихаттау, суырып салмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау, олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.

Айтысқа қатысуға өтінімді Ереже талаптарына сәйкес (Қосымша) 2024 жылғы 10 қаңтарға дейін ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының texno_otdel@mail.ru электронды мекенжайына жіберу қажет.