Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Астана дарыны» дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «Роботек» робототехника мектебімен бірлесіп «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатын (бұдан әрі - Чемпионат) өткізетінін хабарлайды.
Чемпионаттың мақсаты - робототехника, инженерия және бағдарламалау салаларында дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау; спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету.
Чемпионат екі кезеңде өтеді:
1. Облыстық іріктеу кезеңі (2024 жылы қаңтар-ақпан);
2. Республикалық кезең (2-3 мамыр 2024 ж).
Чемпионатқа 7 команда қатысады (1 командада жасына байланысты 2 қатысушы болуы керек).
Чемпионат номинациялары:
1. Роботек (9-12 жас);
2. Инверстік сызық бойымен жарыс (9-12 жас);
3. Жеткізуші робот (10-13 жас);
4. Мерген-кіші санат (10-13 жас);
5. Мерген-жоғары санат (14-17 жас);
6. Туды жеткізу (14-17 жас);
7. Сұрыптаушы робот (14-17 жас).
Чемпионат Ережесі https://rgt.robotek.kz сайтында жарияланған.
Осыған байланысты, 2024 жылдың 20 қаңтарына дейін чемпионаттың іріктеу кезеңін өткізіп, қалалар мен аудандардың білім бөлімдері басшыларының, облыстық мамандандырылған мектептер директорларының қолы қойылған өтінімді priemnaya@shygysdaryn.kz электрондық поштасына жіберу қажет
Барлық сұрақтар бойынша 87232-754-212 телефонына хабарласуға болады.