1. Жалпы Ереже
1. Осы Ереже оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Олимпиада) ұйымдастырылуын, мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібі мен қаржыландыруын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
2. Олимпиаданы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО) ұйымдастырады.
3. Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері: Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларын анықтап, дамытуға қажетті жағдайлар жасау, олардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту, Республикалық және халықаралық олимпиадаларға оқушыларды қатыстыруға іріктеп, дайындау.
2. Олимпиаданың жұмысшы органдары
1. Олимпиадаға дайындық жүргізіп, өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру, жүзеге асыру үшін білім басқармасы бұйрығының негізінде облыстық ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитеті:
- барлық кезеңде Олимпиаданың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
- Олимпиадаға тікелей басшылық жасайды;
- барлық пән бойынша қазылар алқасы мүшелерінің құрамы мен санын; қоғамдық бақылау және үйлестіру кеңесінің құрамын белгілейді;
- Олимпиаданың нәтижесін талдап, қорытындылайды;
- ІІІ кезең қорытындысы бойынша есепті және жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға облыс оқушыларын қатыстыруға өтінім береді;
- Олимпиада материалдарын жариялайды.
2. Олимпиаданың қазылар алқасының құрамына ЖОО,«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ оқытушылары кіреді.
3. Олимпиаданың қазылар алқасы:
- олимпиада тапсырмаларын тексереді, теориялық және практикалық айналымдардың объективтілігі мен тексерілу сапасына жауап береді;
- оқушылардың жұмыстарындағы даулы жағдайларды талдайды, қажет болған жағдайда тиісті түзерулер енгізеді;
- жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындар беру үшін ұйымдастыру комитетіне ұсыныстар береді;
- Олимпиада қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитетіне есеп береді.
2. Олимпиаданың қатысушылары
1. Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңіне жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары қатысады. Үшінші кезеңге қатысушылардың құрамы әрбір пән бойынша ең жоғары ұпай жинаған екінші кезеңнің 1 жеңімпазынан, сондай-ақ облыстың олимпиадалық резерв мүшелерінен құрылады. Олимпиадаға жоғарғы сынып бағдарламасынан жеткілікті деңгейде білімі болған жағдайда 8-сынып оқушылары қатысуға болады.
2. Қатысушы тек 1 пәнді таңдап қатыса алады.
3. «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі» пәнінен ұлты қазақ емес оқушылар ғана қатыса алады (әкесінің ұлтына қарай анықталады).
4. Олимпиадаға қатыса отырып, оқушы, ата-анасы (заңды өкілдері) жеке деректерін өңдеуге, сондай-ақ фото-бейне түсіруге рұқсат береді.
5. Облыстық олимпиадаға аудандардан, қалалардан, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден оқушылар командасы қатысады.
3. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
1. Олимпиада 9-11 сынып оқушылары арасында әр жалпы білім беретін пән бойынша тиісті білім басқармасы органдарымен оқу жылы көлемінде төрт кезеңде өткізіледі:
1) бірінші (мектепішілік) кезең аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің дайындаған тапсырмалары бойынша оқу жылының қараша айының аяғына дейін білім мекемелері өткізеді;
2) екінші (аудандық/қалалық) кезең ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО») берген тапсырмалар бойынша аудандық/қалалық білім беру бөлімдерімен 2023 жылдың 19-21 желтоқсанында өткізіледі;
3) үшінші кезең – облыстық, «Дарын» РҒПО берген тапсырмалар бойынша 2024 жылдың 4-5 қаңтарында өткізіледі;
4) төртінші кезең – республикалық, 2024 жылдың наурыз-сәуір айларында өткізіледі.
Олимпиаданың II, III и IV кезеңдерінің өту мерзімі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы бойынша белгіленеді.
2. Олимпиада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер («Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Информатика» пәндері) және қоғамдық-гуманитарлык бағыттағы («Қазақстан тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі», «Қазақ тілі және әдебиеті»,«Қазақ мектептеріндегі орыс тілі», «Орыс тілі және әдебиеті», «Ағылшын тілі», «Неміс тілі») пәндері бойынша өткізіледі.
3. Олимпиаданың ІІІ кезеңіне қатысу үшін аудандық/қалалық білім беру бөлімдері, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер облыстық ұйымдастыру комитетіне (қағаз және электронды нұсқада) олимпиаданың ІІ кезеңінің өтуі туралы есеп пен өтінімді тапсырады.
4. Олимпиададан кейін қатысушылардың қалауы бойынша жұмыстарды үйлестіру жүргізіледі. Үйлестірудің мақсаты-жұмыстарды бағалауда қатысушылар мен қазылар алқасының мүшелері арасында толық өзара түсіністікке қол жеткізу.
5. Үйлестіруді қаралатын тапсырмаларды бағалаған қазылар алқасының төрағасы мен мүшелері тікелей Олимпиадаға қатысушымен өткізеді.
6. Үшінші кезең жұмыстарына үйлестіру Олимпиаданың қорытындысы жарияланғаннан кейін бір сағат ішінде өткізіледі.
4. Олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу тәртібі
1. Олимпиаданың ІІІ кезеңі санитарлық-эпидемиологиялдық ережелер мен нормаларды сақтай отырып, Өскемен қаласында өткізіледі.
2. Олимпиада екі: теориялық және тәжірибелік айналымда өткізіледі.
3. Олимпиада кезінде онлайн-трансляция жүргізіледі.
4. Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық шынайылығын бақылау үшін тәуелсіз бақылаушылар шақырылады.
5. Аудан, қала оқушыларының командасына жетекші ретінде тәжірибелі мектеп педагогтары, білім беру бөлімдерінің мамандары тағайындалады. Команда жетекшісіне Олимпиадаға қатысушылардың Олимпиада өтетін орынға дейін және қайтар жолдағы, Олимпиада барысындағы қауіпсіздігі мен денсаулығына толық жауапкершілік жүктеледі.
6. Жетекшілер мен ата-аналарға Олимпиада өтетін орындарға кіруге болмайды.
7. Егер келесі фактілердің бірі анықталса, оқушының нәтижелері акт жасау арқылы жойылады:
- Олимпиада кезінде қатысушы қосымша техникалық құрылғыларды қолданса;
- Олимпиада кезінде оқушы қатысушылардың бірімен сөйлессе немесе бөгде біреудің көмегін пайдаланса.
5. Олимпиаданы қорытындылау және қатысушыларды марапаттау
1. Олимпиада қорытындысы әр пән бойынша жеке есепте шығарылады. Жеңімпаздар екі турда жинаған баллдар сомасы бойынша анықталады. Олимпиада қорытындысы бойынша әр команданың рейтингі анықталады.
2. Олимпиададағы жеңімпаздар саны қатысушылардың жалпы санының 45 пайызын құрайды.
3. Олимпиада жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. I, II және III дәрежелі дипломдардың саны мынадай пропорция негізінде айқындалады: жеңімпаздар санының 50 пайызы III дәрежелі дипломдармен, 30 пайызы II дәрежелі дипломдармен, 20 пайызы I дәрежелі дипломдармен марапатталады.
4. Рейтингке сәйкес (осы Ереженің 6,1 т.) командаларға «Үздік олимпиадалық команда» номинациясында жалпы командалық жүлделі орындар беріледі.
5. Егер бірнеше қатысушы төменгі деңгейге сәйкес бірдей балл санын жинаған жағдайда, жүлдегерлер саны қазылар алқасының шешімі бойынша ұлғаяды.
6. Қаржыландыру
1. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Олимпиада қатысушыларының жол шығыны, жетекшілердің іссапар шығыны жіберуші тарап есебінен төленеді.