+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Шаңғы жарысы бойынша Қазақстандық Арнайы Олимпиаданың облыстық турнирінің ЕРЕЖЕСІ
26 Жел, 14:34

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Шаңғы жарысы бойынша Қазақстандық Арнайы Олимпиаданың облыстық турнирінің (бұдан әрі – Турнир) Ережесі шаңғы жарысы бойынша Қазақстандық Арнайы Олимпиаданың Республикалық турнирінің Ережесіне сәйкес әзірленді.

2. Шаңғы жарысы бойынша облыстық турнирді өткізудің мақсаттары: Арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау; зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды спортпен шұғылдануға тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға ықпалдастыру; қоғамның, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдарға назарын аудару және көзқарасын өзгерту болып табылады.

II. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУГЕ БАСШЫЛЫҚ ЕТУ

3. Турнирді ұйымдастыру және тікелей өткізу бойынша жалпы басшылықты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы жүзеге асырады. Жарысты тікелей өткізуді ШҚО білім басқармасының «Дарын» дарындылықты және қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын») бекіткен төрешілер алқасы жүзеге асырады.

III. ТУРНИРДІҢ ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН МЕРЗІМІ

4. Турнир 2024 жылдың 19 қаңтарында Өскемен қаласында өтеді.

IV. ҚАТЫСУШЫЛАР, ОЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ

5. Турнирге берілген өтінімдер негізінде медициналық-әлеуметтік мекемелердің (МӘМ) және арнайы мектептердің командалары қатыса алады 1-Қосымша).

V. КОМАНДА ҚҰРАМЫ

6. Командалар құрамы: 7 адам – 2 ұл, 2 қыз, 1 жаттықтырушы, 1 дәрігер,1 команда өкілі. Команда құрамын ұлғайтуға рұқсат етіледі.

VI. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ ЖҮЙЕСІ

7. Турнир Special Olympics спорттық ережелеріне сәйкес өткізіледі. Жарыс жеке, келесі пәндердегі орындарды тікелей анықтау жүйесі бойынша өткізіледі.

Шаңғы жарысы: 1000 мжарыс, 500 м жарыс және 4х500 м эстафета;

VII. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖЫНЫСЫ МЕН ЖАСЫ

8. Турнирге ерлер мен әйелдер жіберіледі. Дивизиондық бөлу келесі жас топтарында жүзеге асырылады: 15-21 жас, 22 жас және одан жоғары.

VIII. НӘТИЖЕЛЕРДІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

9. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Special Olympics ins ережелеріне сәйкес әр жас тобындағы дивизиондар бойынша анықталады.

ІХ. МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

10. Турнирді ұйымдастырушылар жарысты өткізу уақытына медициналық қызмет жәнедәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді.

Х. ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

11. Барлық спортшылар допингке қарсы ДДҚА кодексінің ережелерін сақтауы керек.

ХІ. ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ САНДЫҚ ҚҰРАМЫ

12. Төрешілер алқасы турнирдің бас төрешісінен, хатшыдан және қашықтықтағы төрешілерден тұрады.

ХІІ. ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕРДІ БЕРУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

13. Өтінім қатаң түрде нысан бойынша ресімделеді (№1 қосымша), оған медициналық-әлеуметтік мекеменің (МӘМ), арнайы мектептің директоры қол қояды. Өтінімдер 2024 жылдың 10 қаңтарына дейін vk_ocfk@mail.ru электрондық мекенжайына жіберіледі. Өтініммен бірге мандаттық комиссияға:

- қатысушының жеке куәлігі (16 жасқа толмаған қатысушыларға – туу туралы куәлік), сондай-ақ, оның көшірмесі;

- команданың қауіпсіздік техникасын сақтау, қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау бағыты бойынша бұйрық.

ХІІІ. НАРАЗЫЛЫҚ БЕРУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРАУ

14. Наразылықтарды бас төрешілер алқасы жарыс аяқталғаннан кейін 30 минуттан кешіктірмей команда өкілінен қабылдайды және дереу қарайды.

ХІV. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ ТӘРТІБІ

15. Жүлделі орындарға ие болған әр дивизиондағы жарысқа қатысушылар дипломдармен және медальдармен, командалар кубоктармен марапатталады.

XV. ҚАРАЖЫЛАНДЫРУ

16. Турнирді қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ДпҚББД ШҚ ҒӘ жүзеге асырады.

17. Командаларды іссапарға жіберуге байланысты шығындарды (екі жаққа да жол жүру, жолдағы тәуліктік жол жүру, іссапарға жіберу, сақтандыру, тамақтану, командалардың тұруы) іссапарғажіберуші ұйым төлейді.

Байланыс телефоны: 8-7232-70-26-74.