+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Химия және биология пәндері бойынша ғылыми мектептің өтілуі туралы
12 Ақп, 10:57

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне оқушыларды дайындау мақсатында ғылыми мектеп өткізілді:

1) химия пәні бойынша – 2013 жылы 28 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде;

2) биология пәні бойынша – 2013 жылы 4 ақпан мен 8 ақпан аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде.

Ғылыми мектеп Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы мен Алматы қаласындағы Әл-Фараби  атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия факультетімен және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экология және жаратылыстану ғылымдары факультетімен бірлесе ұйымдастырылған.

Ғылыми мектепке республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің  жүлдегерлерінен, республикалық кезеңге қатысуға номинанттардан 12 оқушы қатысты.

Университеттердің үздік оқытушылары – ғылым докторлары, кандидаттар химия, биология пәндері бойынша сабақтарды дәріс оқу,  кеңес беру, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар, тренингтер түрінде өткізді. Оқушылар әртүрлі деңгейдегі олимпиадалық есептерді шешу бойынша тәжірибелік жұмыстармен, заманауи құралдармен жабдықталған зертханаларда түрі эксперименттер және тәжірибелер жасай отырып оқушылар білімдерін тереңдетті.

Әр қатысушыға сертификаттар берілді. Қатысушылар ғылыми мектептің жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын, маңыздылығын, мазмұндылығын атап өтті, сондай-ақ оқу жылында осындай жемісті жұмыстар тағы да жалғастырылсын  деген тілектерін білдірді.