Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 19 қаңтар күні Өскемен қаласында шаңғы жарысы бойынша Қазақстандық арнайы олимпиаданың облыстық турнирі (бұдан әрі – Турнир) өткізіледі.
Шаңғы жарысы бойынша облыстық турнирді өткізудің мақсаттары: арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау, зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды спортпен шұғылдануға тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға ықпалдастыру; қоғамның, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдарға назарын аудару және көзқарасын өзгерту болып табылады.
Турнир Special Olympics Inc спорттық ережелеріне сәйкес өткізіледі. Жарыс жеке, келесі пәндердегі орындарды тікелей анықтау жүйесі бойынша өткізіледі: 1000 м, 500 м жарыс және 4х500 м эстафета.
Турнирге берілген өтінімдер негізінде медициналық-әлеуметтік мекемелердің (МӘМ) және арнайы мектептердің командалары қатыса алады.
Турнирге ерлер мен әйелдер жіберіледі. Дивизиондарға бөлу келесі жас топтарында жүзеге асырылады: 15-21 жас, 22 жас және одан жоғары.
Командалар құрамы: 7 адам – 2 ұл, 2 қыз, 1 жаттықтырушы, 1 дәрігер,
1 команда өкілі. Командалар құрамын ұлғайтуға рұқсат етіледі.
Өтінім қатаң түрде үлгі (№1 қосымша) бойынша, оған медициналық-әлеуметтік мекеменің (МӘС), арнайы мектептің директорының қолы қойылып ресімделеді. Өтінімдер (электрондық нұсқасы) 2024 жылдың 10 қаңтарына дейін vk_ocfk@mail.ru электрондық мекенжайына жіберіледі
Өтініммен біргемандаттық комиссияға:
- қатысушының жеке куәлігі (16 жасқа толмаған қатысушыларға – туу туралы куәлік), сондай-ақ оның көшірмесі;
- команданың қауіпсіздік техникасын сақтау, қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау бағыты бойынша бұйрық.